Ауданда белсенді болып жүрген азамат "Дарын" сыйлығын алып кетті (фото)
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының "Жастар патриоттық" клубының төрағасы, ерікті Жандос Табылғанов "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Бақ шаба ма, бап шаба ма дегендей, Жандостың марапатына біреу таң қалса, екіншісі таңдана қарауда деп хабарлайды NUR.KZ тілішсі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет келесі номинациялар бойынша берiледi: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық ән және қоғамдық қызмет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының "Қоғамдық қызмет" номинациясы лауреаты атағын Мұғалжар аудандық "Жастар" Патриоттық клубының төрағасы Ж.М. Табылғанов иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» сыйлығына әр жылдары елімізге кеңінен танымал адамдар қол жеткізді. Олар - Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Нұрлан Өнербаев, Қыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов, Дүйсен Ордабек, Арман Жүдебаев, «Муз АРТ», «Бәйтерек», «Жігіттер» тобы және тағы басқалар.
Тағы оқыңыздар:
Жамбыл облысында үйлену тойынан соң қыдырып жүрген жігітті өлтірген полицей сот алдына келді
Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын
Әбілязов Қырғызстандағы көтерілісті қаржыландырғанын мойындады
Каримов қызметінен қуған шенеунік ақыры Өзбекстанның премьер-министрі болды
Еліміздің бірқатар клиникалары еврей компанияларының басқаруына берілмек
Павлодарда ел ішіне іріткі салған азамат сотталып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1349320-aqtobelik-audan-belsendisininh-daryn/