Қазақстандық миллионердің ұлын жұрт мақтаншақ деп сынап тастады

Опубликовано:

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының экс-бастығы Талғат Байтазиевтің үлкен ұлы Михаил Байтазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына өмірінің жарқын сәттерінен фотоларды жиі жариялайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Және ол жерде қарауға болатындай дүниелер бар. Өйткені, жас миллионердің өмірі неше түрлі автокөліктерге, жеке ұшақтарға, қару-жарақтарға, қымбат сағаттарға және әртүрлі бетперделерге толы. Жігіт өзінің суреттерінде түрін көрсетпеуді жөн көреді екен. Сол себепті де әрдайым фотоға бетперде киіп түседі.

Осы орайда, Михаилдің оқырмандарының арасында оның бұл әрекетін дұрыс көретіндер де және оны "тым мақтаншақ" деп ойлайтындар да бар.

Қорқынышты бетперде киіп суретке түсетін бай баласының қылығын әбестік көретіндер ол өзінің сүйікті дүниелерін арнайы тапсырыс беріп жасатады деп болжайды.

Ақшаның ортасында туылған Михаил өзінің әлсіз тұсы "Ламборжини", "Мерседес" және "Бентли" секілді қымбат көліктер екенін жасырмайды.

Оның өмірінде ақшаның алатын орны зор екенін Instagram-ға жарияланған суреттеріндегі еуро мен доллар толған сөмкелерден-ақ байқауға болады.

Сондай-ақ, ақшадан таршылық көрмей, шалқып өмір сүріп жатқан жас жігіттің парақшасына жазылушылардың басым көпшілігі қыздар екенін аңғаруға болады.

"Сен ана өмірге өзіңмен бірге ақшаларыңды алып кете алмайтыныңды түсінесің бе?", "Сіз мені әрине, кешіріңіз, бірақ сіздің өміріңізде машинадан басқа ештеңе жоқ қой деймін" деген сынды пікірлердің көптеп жазылуына Михаил әбден үйреніп қалған сияқты. Оларға жауап жазудың орнына, жас миллионер жұрттың бәрін ішімдік пен темекіні тастап, спортпен айналысуға шақырған.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1350638-qazaqstandyq-millionerdinh-ulyn-maqt/