Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық тележүргізушінің атақты Владимир Познерге берген "сұхбаты" желіні шулатты (видео)

Опубликовано:

"Еуразия бірінші" арнасы Ресей журналисі Владимир Познерге берген "сұхбаты" үшін күлкіге қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Таңғаларлық хабарлама. «Аналитика» бағдарламасының жүргізуішісі, Қазақстандағы "Бірінші арна" жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы Аймира Шаукентаева алғаш рет сұрақтарға жауап берді. Кімге, қандай адамға дейсіз ғой? Владимир Владимировичке...", - деп алдын ала құлақтандырады диктор.

Осыдан кейін экранда ресейлік "Бірінші арнадан" шығатын "Познер" бағдарламасының жүргізушісі мен Шаукентаева пайда болады.

"Сіз менің шақыруымды қабыл алдыңыз. Егер шындықты айтатын болсақ мен сізге қоңырау шалғанда сіздің келісім бермейтіңізге 80 пайыз сенімді болғам. Сізге өзіңіздің қай қасиетіңіз көбірек ұнамайды", - деп сұрақ қояды ресейлік журналист.

"Қорқақтық...", - деп жауап береді Шаукентаева.

Осыдан кейін қазақстандық тележүргізуші әйел адамдағы нәзіктікті, ал ер адамның бойындағы ер мінезділікті бағалайтынын айта кетеді.

Сұхбат небары 5 минутқа созылып, кейін үзіліп қалады.

Бұл сұхбатты көрген желі қолданушылары таңырқап қалған. Тіпті, олар  атақты Владимир Познердің қазақстандық тележүргізушіні не себепті сұхбатқа шақырғанына түсінбей дал болды.

Соған қарамастан көрермендердің көңілінде сұхбат ресейлік арнадан көрсетілді деген әсер қалған. Артқы фонға қарап тележүргізушінің студияда отырғанын байқауға болады. Шаукентаева кадрдан көрінген кезде Познердің иығы мен басының сұлбасы көрінеді деп жазады Kazday.

Экрандағы титрлар да сәйкес келеді. Бірақ студия қонағы мен жүргізушіні бірге көрсеткен жалпы пландағы кадр болған жоқ. Осы жайт "Еуразия Бірінші арнасының" ресми сайтында жарияланған эпизодтың жақсы орындалған монтаж болуы мүмкін екеніне дәйек болған.

Жұрттың күдігін сейілту үшін Kazday порталы дәл Владимир Познердің өзіне хабарласып, бұған қатысты пікір білдіруін сұрады. Редакцияға жазбаша түрде жауап келген.

"Бұл басынан аяғына дейін барып тұрған өтірік (...) Таңданысын жасыра алмаған, Владимир Познер", - делінген хатта.

Желі қолданушылары Аймира Шаукентаева мен оның әріптесі Руслан Смыковтан болған жайтқа қатысты түсініктеме беруін сұраған. Алайда бұған қатысты олар жұмған аузын ашпады.

Тағы оқыңыздар:

Головкин: Дэниэл - әзірге менің үздік қарсыласым

Шымкент Қазақстанның ең жайлы қаласы атанды

Еліміздегі атақ-даңқтар кімдерге беріледі?

Қазақтың бүркітші қызы Моңғолияның ең танымал 50 адамының қатарына енді

Ақтөбеде Тәуелсіздік күні тойланып болған соң дереу жаңажылдық шыршалар орнатыла бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1351811-qazaqstandyq-telezhurgizushininh-ataqt/

pixel