Бес уақыт намазын тастамайтын алты баланың анасы бақытты отбасының құпиясымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Ақтөбелік кәсіпкер Қалауша Садықова қаладағы қызмет көрсету деңгейі жоғары саналатын «Атамекен» мейрамханасының қожайыны. Мейрамхана бизнесін жандандырып отырған келіншек болашақта кәсібінің халал бағытына бұрылатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазір бізде қонақ үй, мейрамхана, караоке клуб бар. Болашақта балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір айтарым, болашақта ойын сауық орталығын халалға көшіргіміз келеді. Банк алдында несиелеріміз бар. Сондықтан бірден көшіп кете алмаймыз. Жолдасым да, өзім де қажылықта болып қайттық. Енді екінші қызыммен кіші қажылыққа баруды жоспарлап отырмын. Менен намаз оқисыз, қажылыққа барасыз, неге ойын сауық бизнесін жасап отырсыз деп сұрайтындар бар. Қазір банк алдындағы міндеттерім бәрін тастай салуға мүмкіндік бермей тұр. Үлкен бағыт жасайтын уақыт келеді деп ойлаймын. Ниетіміз бар» ,- дейді Қалауша Садықова.

80-нан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер қызметкерлерінің дені туыстары екенін жасырған жоқ.

«Бізде қазір 84 адам жұмыс жасайды. Біз нағыз қазақпыз, туыстарымызды жұмысқа тарттық. Жұмысшыларымыздың жартысы өзіміздің туысымыз. Жаны ашып, өзінікіндей жасайды. Өзімде барға ризамын. Әрқашан қолдап отырған жолдасыма алғысым шексіз. Ол маған сеніп, ашылуға мүмкіндік берді. Барлық әйелдің мүмкіндігі, таланты болады. Тек оған қолдау көрсете білу керек», - дейді кәсіпкер.

Алты балаға ана, әже болып отырған кәсіпкер сән әлемінде қыздардан да асып түседі. Ол әдемі болып жүруінің құпиясымен де бөлісті.

«Мен сән қумаймын, сәнқой болуға тырысқан да емеспін. Ең бастысы адам жақсы нәрсе жасағысы келсе, ол алдымен өзін жақсы сезінуі керек. Сыртқы, ішкі жандүниеңді үйлестіруге тиіссің. Жақсы ойлап, жақсы киініп жүрген кез келген әйелдің жұмысы жақсы нәтиже береді. Өзіне сенімді адам ғана өзгені сендіре алады. Менің жұмысым менің лайықты болғанымды қалайды. Маған осындай қасиет берген Аллаға шүкіршілік айтамын. «Сұлулық әлемді құтқарады». Әйелдің әдемі болуы да орынды. Мен отбасы, жақындары, достарының арасында әдемі мереке өткізуді қалайтын қонақтармен кездесемін. Егер оларды түсініксіз шаш үлгісі мен спорттық киімде қарсы алсам, олар маған сенбес те еді. Сондықтан мен айналама да сенім бергім келеді. Сондықтан үнемі өзімді күтіп жүремін. Нан жемеймін», - дейді Қалауша Садықова.

Кәсіпкер ешқашан аласа аяқ киім киіп көрмегенін айтты.

«Мен бұрыннан биік өкшелі аяқ киім киемін. Бойым 1,57 см болғандықтан аласа аяқ киіммен жүре алмаймын. Биіктігі 12 см туфлилерге үйреніп кеттім. Менің аласа аяқ киімім жоқ. Жасым біразға келсе де биікте жүруім керек деген ойымды әлі өзгерткен жоқпын», - дейді ол.

47 жастағы кәсіпкер әйел күйеуін қызғанған кездері болғанын да айтып қалды. Ол адамды жалықтырмаудың құпиясымен бөлісті.

«Бұрын мен үйде отырған кезде жолдасыма деген қызғаныш сезімі болды. Сондықтан ер адам әйелге мүмкіндік беру керек. «Қазанын құшақтап күйеуім қашан келеді» деп отырған әйелге неше түрлі ой келеді. Әйел ең алдымен жолдасын үнемі қызықтыра алуы керек. Онымен кез келген тақырыпта сөйлесе алудың өзі өнер. Әріптес, ата-ана ретінде көсіліп әңгімелесе алу керек. Шағын ғана кеңес - алдымен өзіңе ұна. Өзіңді дамытудан жалықпа. Балаларыңды жетектеп жүріп, мейірімді ана, әдемі әйел де болуға тиіссің. Өзімізді тәрбиелеу арқылы баламызды тәрбиелейміз», - дейді ол.

Қазір әже болып отырған 47 жастағы кәсіпкер тағы да сәби сүйгісі келетінін айтып қалды.

"Қазір үш қызым Алматыда тұрады. Үш бала қасымызда. Үлкеніміз 26 жаста, кіші баламыз 5 жаста. Кенжемді 42 жасымда босындым. Маған босанған ұнайды. Алла берсе әлі де қарсы емеспін. Мүмкін біреулер бұл сөзімді ақымақтық деп ойлар. Бірақ, мен неге «жоқ» деп айтуым керек. Тағы да балалы балғанды қалаймын. Бала біздің ізіміз. Алла мүмкіндік берсе көреміз. 47 жастағы әйелге мұндай әңгіме айту керек емес шығар, бірақ Алла берсе көпсінбеймін", - дейді қалуа Садықова.

Үлкен мейрамхананың иесі болып отырған кәсіпкер ешқашан қымбат көйлекке ақша шашпайтын болып шықты.

«Мен киімді өзімізден алмаймын, шетелге шыққанда әкелемін. Ол жақта арзан және мен ешкімді қайталамаймын. Жақында бір келіншектің жейде үшін 70 мың теңгесін жұмсағанын естідім. Мен қанша тапсам да ондай ақшаға көйлек алмас едім. Әр нәрсе орнымен болу керек деп ойлаймын. Денсаулығыма қарағанды, күтінгенді жақсы көремін. Менде ешқандай қымбат киім жоқ. Әрі кетсе барлдық киіміме 200-300 доллар ғана жұмсаймын. Киім адамға емес, адам киімге сән беріп тұру керек. Энергия адамның ішінен шығады. Сұлулық сол кезде ғана үндеседі. Беті ауызы ісіп әдемі көйлек киіп алатындар болады. Аяп кетесің. Мен ешқашан қымбат киім алмаймын. Адам әр нәрсенің мөлшерін білу керек", - дейді кәсіпкер.

Танымал депутаттың кәсіпкер әйелі ақшаны қайда жұмсағанда аямай шашатынын айтты.

«Мен қажылыққа барудан ақша аямаймын. Себебі ол жақтағы демалыс ерекше. Жаныңа күш береді. Канара, Мальдива Тайландқа барғанда қажылыққа барғандай энергия ала алмайсың. Қызымның туған күнінде қажылыққа апарғым келеді. Ол жақта өзін, өзінің жүрегін тыңдай алса екен деймін. Әл-Харам мешітіне барып, қағбаның алдында намаз оқығымыз келеді»,- деді кәсіпкер алдағы сапарларымен бөлісіп.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы оқыңыздар:

Әлемде еуроның құлдырауы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Павлодар соты өз баласын сабаған әйелден қызын тартып алып, әкесінің тәрбиесіне берді

Шымкенттік кәсіпкердің өзін не үшін өртегені белгілі болды

Петропавлда ауру балаға жиналып жатқан ақшаны жәшігімен жымқырған ұры ұсталды

Елімізде электр энергиясының бағасы арзандауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1356104-bes-uaqyt-namazyn-tastamaytyn-alty-ba/