WhatsApp-пен өлім туралы ақпарат таратқан белгісіз адамдар атыраулықтарды шошытты
Опубликовано:
WhatsApp арқылы жансақтауда көз жұмған сәби туралы таралған аудиожазба қала тұрғындарын шошытты деп хабарлайды Ақжайық басылымы.
Қайғы жұтқан әйел дауысы жедел жәрдемнің 40 градус температурасы бар сәбиді жансақтау бөліміне алып кеткенін айтады. Түн ортасында дәрігерлер оның өмірі үшін күреседі, бірақ оны құтқара алмаған. Жан сақтау бөліміндегілер Атырауда бұл бір ай ішіндегі 13-ші бала өлімі екенін хабарлапты-мыс.
"Бізде мұндай жағдайлар болған жоқ, әйтпесе бұл туралы білер едім ғой", - деп үзілді-кесілді мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина Камелова.
"Адамдардың неліктен мұндайды тарататынын мүлдем түсінбеймін. Балалардың өлімі секілді осындай тақырыптарды пайдаланып, қоғамдық санаға әсер етуді қылмыс деп атар едім. Осындай температурасы бар балаларды біздерге әкеледі. Біздің ауруханада мұндай жағдайлар болған жоқ. Әрине, қазір жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастар көп, эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай, алайда эпидемиялық деңгейден асқан жоқ", - дейді !" – дейді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұрат Құлбасов.
Тағы оқыңыздар:
Трамп Обама шығарған заңдардың 70 пайызын жоққа шығармақшы
Аргентиналық рефери Головкинді ұнатып қалды
Кіші Юбенк: 2017 жылы Головкинмен жұдырықтасамын деп үміттенемін
91 жастағы қария сегіз мыңнан аса қалпақ тоқып, мұқтаж жандарға таратып беруде (видео)
Қытай тұрғыны 25 жыл бойы әскери гранатамен жаңғақ шаққан
Чехия президенті халқына Жаңа жылда қауіп-қатерге толы өмір тіледі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1358953-whatsapp-pen-olim-turaly-aqparat-taratqan-bel/