Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі күйеуі де тастап кеткен шымкенттік ана 5 баласымен қара нанға зар болып отыр (видео)

Опубликовано:

Шымкентте көпбалалы ана көмекке мұқтаж. 5 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Жанерке Темірбаева ішетін тамақ пен киетін киім таппай қиналуда деп хабарлайды ТВК арнасы.

«Нұрсәт» шағын ауданының тұрғыны Жанерке Темірбаева 5 баланың анасы. Перзентерінің алды 7 де болса, ең кішісі 4 айлық. Баларлар үйінің түлегі бақытты болам деген ниетпен екі рет некелескен. Алайда, үміті ақталмады. Алғашқы жары үш, кейінгісі екі баласымен тастап кеткен. Жалғызбасты ана содан бері өлместің күйін кешіп келеді. Балалардың киірге киімі, ішерге асы жоқ. Тіпті балалары ауырып, жығылғанға жұдырық болды.

Жанерке Темірбаева өзінің 25 жасында тағдырдың тауқыметін тартам деп ойламаған. Шеттей бала шағасымен жалғыз қалған ол қиындықтарды жеңуге ұмтылады. Жоқшылықтан жаны қиналған соң, банкттен 900 мың теңге несие алады. 500 мың теңгесіне қарыздарын жауып, қалған ақшаға дүңгіршек ашсам, күн көрсем дей ойлады. Алайда баларына күтуші болам деп пәтеріне кіріп алған бір бойжеткен бір сәтте бар ақшасын ұрлап, тақырға отырғызып кетеді.

Ақшасынан айырылып жер сипап қалған келіншек Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне арызданады. Тәртіп сақшылары істі жылы жауып қоя салады. Нәтижесінде жалғызбасты ана мемлекеттен алатын азын аулақ жәрдемақысы мен күйеуінен алатын 6 мың теңге алиментінен де қағылады. Өйткені банк несиені төлемегендіктен оның есепшотын құлттап тастайды. Енді келіншек, шеттей бала шағасына ішіп – жемін тауып бере алмай қиналып отыр. Сондықтан отбасы жанашыр жандардың көмегіне зәру.

Жағдайының қиындығына қарамастан жалғызбасты ана 5 баласын өзім бағып қақсам деп намысқа тырысады. Тек билік пен қайырымды жандар қолдау көрсетсе деп тілейді. Кейіпкердің тағдыры алдағы ауқытта да біздің жіті назарымызды болмақ.

Жанерке Темірбаеваның байланыс телефоны 8 702 442 78 23

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев: Банк төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелерге сенудің қажеті жоқ

Петропавлда көп балалы ана туған ұлымен соттасып жатыр

Мәжіліспен қоштасқан Тінікеев жаңа жылдан соң жұмыс іздеуге кіріспек

67 жастағы әйел өз қызына бала туып берді

Колумбияда 77 адамның өмірін қиған ұшақ апатының себептері анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1361873-eki-kuyeui-de-tastap-ketken-shymkentti/