Танымал журналист жарты миллионға гүл сатып алған жанға ашуланды

Опубликовано:

Танымал журналист Арман Сқабылұлы гүл-сыйлыққа жарты миллион теңге жұмсаған жанның әрекетін көріп, таң қалған деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Астана бүгін абыр-сабыр. Қайда қарасаңызда сыйлық көтеріп асыққан жұр. Әлдебір асхананың қасынан өтіп бара жатыр едім бір қазақ жігіт дауыстап тоқтатты. Сәлемін алып, бастан төмен көзімді бір жүгіртіп өттім. Қаңғыбасқа ұқсамайды. Киімі де жұпыны емес.

"Аға, екі жүз теңге беріңізші! Ыстық тамақ ішіп алайын деп едім", - деді ол. Сұрағанын беріп, ары кеттім. Жалақысы кешіккен біреу де.

Жол-жөнекей гүл дүкеніне соққанмын. Басқа мекемелерге жаңа жылға сыйлайтын гүл себетінің бағасын білмекпін. Тапсырма солай", - деген журналист дүкендегі гүлдердің бағасын көріп, таң қалған.

"Сұмдық! Елу мың теңгеден бес жүз мыңға дейін гүл-сыйлығыңыз самсап тұр. Кім сатып алар дерсіз? Көз алдымда біреу жарты миллионға сауда жасады.

Кімге сыйлар дерсіз? Белгілі ғой!... Дүкеннен құлазып шықтым. Көз алдымнан тамаққа екі жүз теңге сұраған әнебір баланың кетпей қойғаны", - деп налыды ол.

Оның бұл әңгімесін оқыған желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырды. Бірнеше күннен соң солып қалатын гүлге ақша жұмсауды ақымақтыққа балағандар да табылды.

Тағы да оқыңыздар:

"Бәйтерек" еншілестерінің топ-менеджерлері 61 млн теңге сыйақы алды

Шымкентте той үстінде жаппай төбелес болды (видео)

Сотталған Қостанай экс-әкімінің әйеліне тәркіленген жекежайды қайтарып берді

ОҚО-да құлағына сырға таққан аяғы ауыр Аяз Ата желі жұлдызына айналды (фото)

Ақтөбе қаласы әкімінің ұйықтап отырғанын дәлелдеу үшін бірнеше куәгер керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1362613-tanymal-zhurnalist-koz-aldynda-zharty-m/