"Тәуекел Мүсілімге ұқсайтын" жас жігітке нәзік жандылар ғашық болып қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде әскерден борышын өтеп келген жас жігітті нәзік жандылар Тәуекел Мүсілімге ұқсатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Жер бетіне жылулық нұрын себетін аналарымыз аман болсын", - деген тақырыппен жарияланған видеода жас жігітті әскерден оралған сәтінде қалай анасы тебіреніп қарсы алғаны көрсетілген.

Ананың толқынысына тәнті болғандар көздеріне жас алғандарын жарыса жазды.

"Жүрегім езіліп кетті ғой, әке-шешеден артық өмірде жанашыр адам бар ма?", "Мен де көріп, тебіреніп кеттім", "Анасы өзі алдынан жүгіріп шықты ғой, сағынған ғой, құлынын", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Видеоны тамашалаған нәзік жандылар болса, жас жігітті Тәуекел Мүсілімге ұқсатып, сымбатына таңдай қағысты.

"Әдем жігіт екен", "Екінші Тәуекел Мүсілім", "Сондай сымбатты, бұл жігіттің профилі бар болса, маған лақтырыңыздаршы", Неткен сымбатты жігіт", - деп жарыса жазды нәзік жандылар.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев министрлерге әзілдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады

2016 жылғы табысы 8 миллион доллар болған отандық жұлдыз кім?

21 жастағы "Қырғызстан аруы" өлім аузында жатыр

СҚО-да Ресей азаматтығын алған тұрғындар Қазақстан азаматтығынан айырылып қалды

Әйгілі теннисші бүгін тұрмысқа шығатынын айтып, сүйінші сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1363820-tauekel-musilimge-uqsaytyn-zhas-zhigit/