Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биылғы жаңа жыл 2017 жылы 00:00-да басталмайды

Опубликовано:

Халықаралық Жердің айналу қызметі 2016 жылды бір секундқа ұзартты деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Дүниежүзілік уақыт бойынша (UTC) 2016 жылдың 31-желтоқсанында бір секунд қосылады. Гринвич бойынша 23:59:59 кейін 2017 жылдың 1-қаңтары (00:00:00 уақыты кіргенде) басталмайды, 23:59:60 ретінде бір секунд қосылады.

Мұндай шешімді Парижде орналасқан Халықаралық Жердің айналу қызметі (International Earth Rotation and Reference Systems Service, IERS) қабылдаған. Бұл UTC пен UT1 (күндізгі орташа уақыт) арасындағы айырмашылықтың 0,9 секундтан аспауы үшін қажет.

Бір секунд уақыт қосу 1972 жылдан бері жүргізіліп келеді. Әсіресе мұндай өзгерістер кібісе жылының (ақпанда 29 тәулік болатын жыл) маусым мен желтоқсан айында болады. Осы жүйе басталғалы бері 26 мәрте бір секунд қосылған. Соңғысы 2015 жылдың 30-маусымында болған. Болашақта мұндай өзгерістер жиі болуы мүмкін дейді мамандар. Себебі Жердің айналуы баяулап, UTC және UT1 арасындағы айырмашылық ұлғайып келеді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде

Жаңа жыл қарсаңында елімізде дауылды ескерту жарияланды

Назарбаев Ыдырысовты жаңа қызметке тағайындады

Назарбаев: Істегісі келмегендер кете берсін

Шыршаға дорбасыз келген Аяз атаны көпшілік Шықбермес Шығайбайға теңеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1363978-biylghy-zhanha-zhyl-2017-zhyly-0000-da-bastalmaydy/

pixel