Қазақстандықтар Рождество мейрамында бір-ақ күн демалатын болды

Опубликовано:

Биыл православтардың Рождество мейрамы сенбі күнге түсіп тұр. Бірақ демалыс дүйсенбіге ауыстырылмайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Еңбек кодексі бойынша бұл күн демалыс күні деп саналғанымен, мерекелік күндер қатарына жатпайды.

Қазақстанның Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 84-бабына сай, "мұсылман күнтізбесі бойынша тойланатын Құрбан айттың бірінші күні, сонымен бірге православтардың Рождество мерекесі қолданыстағы жұмыс кестесі мен ауысым кестелеріне (вахта кестесі) қарамастан, демалыс күндері болып есептеледі". Яғни, бұл күні барлық қызметкерлер ресми түрде демалады.

Биыл Рождество сенбі күнге дөп келіп отыр. Бұл күн елдегі көптеген ұйымдар үшін демалыс күні болып саналады. Алайда сенбі күнгінің орнына қазақстандықтар дүйсенбі күні демалмайтын болды.

Қазақстанның "Мерекелер туралы" заңына сәйкес, демалыс күнін келесі жұмыс күніне ауыстыру мереке күндерінің демалыс күндеріне тұспа-тұс келуі кезінде ғана жүзеге асырылады. Ал Рождество болса, ұлттық және мемлекеттік мерекелер қатарына кірмейді. Сондықтан ол ауыстырылмайды.

Осылайша, қазақстандықтар Рождество мейрамында тек 7 қаңтар күні ғана демалатын болды. Ал дүйсенбі жұмыс күні болып бекітілді.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте қыз зорлады деп сотталған жігіттің келіншегі төрт баласын тастап кетпекші

Исламшыл бүлікшілер Филиппин түрмесіне басып кіріп, 132 қылмыскерді босатып жіберді

Туыстарының сөзіне құлақ асқан жігіт үйлену туралы ойынан айнып қалды

Екі жастағы сәби сыңарын өлімнен арашалап қалды

Жердің ең қарт адамы өзінің 146 жасқа толғанын атап өтті (фото)

Әйгілі америкалық боксшы: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1365969-qazaqstandyqtar-rozhdestvo-meyramynd/