«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры тағайындалды
Опубликовано:
Вячеслав Сон «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz.
Вячеслав Сонның заң саласындағы 12 жылдық басқарушылық жұмыс өтілі бар. Еңбек қызметін ол 2002 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ тобында бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымынан бастап, Заң департаментінің директорына дейін көтерілген.
Одан кейін «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры лауазымын атқаруда.
Вячеслав Сон Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін (құқықтану), Заманауи Гуманитарлық Университетін (лингвистика), сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін (МВА, қаржы және кредит) аяқтаған.
Тағы оқыңыздар:
Атырауда қаңғыбас иттер талап тастаған бала клиникалық өлімді бастан кешірген
Алматыда хакерлер банк тұтынушысының шотынан 155 млн теңгені ұрлап кетті
Бесіктің арқасында аман қалған шымкенттік сәбиді үйінді астынан қалай алып шыққан? (видео)
Қарағанды облысында аспаннан "Алла" мағынасын беретін жазба көрінді (фото)
Әлемнің үздік ойыншысы атанған Роналду жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1371311-bayterek-kholdingininh-basqarushy-di/