Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тексерістен бас тартқан алматылықтарды енді метроға кіргізбейді

Опубликовано:

Алматы метросында күзет күшейтілді. Яғни әр бекеттің кіре берісіне арнайы қондырғылар орнатылып, жолаушылардың сөмкелері жіті тексерілуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Тіпті қазірден бастап мамандар метроға кіріп-шыққандарды түгелдей рентген аппаратынан өткізіп жатыр. Ал тәртіпке мойынсұнғысы келмейтіндер жер асты жолына жіберілмейді.

Мұның барлығы қала тұрғындары мен туристердің қауіпсіздігін сақтау үшін жасалып отыр дейді мамандар. Өйткені бұған дейін метро арқылы суық қару мен оқ-дәрі алып өтпек болғандар да кездесіпті. Сондықтан осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздікке көп көңіл бөлінуде.

"Жолаушыларды тексеру көп уақыт алмайды. Сондықтан бұл шараға қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамыз. Тіпті жерасты жолында көп уақыт жоғалтпас үшін мобильді қосымша шығардық. Сол арқылы пойыздардың жүріп-тұру кестесін бақылап, уақыт үнемдеуге болады", - дейді «Метрополитен» КМК баспасөз хатшысы Ажар Хабиева.

Тағы оқыңыздар:

Елеусіновтің кәсіпқойда бокстасатын салмағы белгілі болды

Астанада тағы екі даңғылға көліктің тек бір бағытта қозғалуын енгізеді

Астанада тағы да 200 жылы аялдама салынбақшы

Трамптың сөзінен кейін доллар әлсіреп кетті

Ресей елшісін өлтірген қылмыскердің туыстары оның мәйітін алып кетуден бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1374273-tekseristen-bas-tartqan-almatylyqta-2/

pixel