Көкшетауда жел соқса қирағалы тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары шу шығарды (фото)
Опубликовано:
Көкшетауда ондаған жыл бойы сым арқанмен ұсталып, әзер тұрған көпқабатты үй кез келген сәтте қирап қалуы мүмкін. Алайда оны апатты нысандар қатарына енгізу-енгізбеу даулы мәселе деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Вернадский көшесіндегі нөмірі 11-ші үйдің тұрғындары күнде кешке үйден аман-сау түнеп шығуды тілеп отырады. Соңғы уақытта елде қирап қалған үйлер саны арта түскен сайын, олардың алаңдаушылығы да көбейді.
Бұл үйлерді 90-жылдарда апатты деп танығаны белгілі. Тұрғындарды уақытша басқа жерге көшіріп, жергілікті теміржолшылар өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жасаған болатын.
Өңір депутатының айтуынша, ол кезде іргетасты нығайтқан екен. Үй тұруға жарамды деп танылып, тұрғындар үйіне қайтып келген. Бүгінгі таңда, одан бері бірнеше онжылдық өтті, үй күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр.
«Шатырды ауыстырып, керегелердегі жарықтарды жөндеу керек. Пәтерлеріміз суық", - дейді наразы болған тұрғындар. Бірақ бұл жөндеу жұмыстары септігін тигізетініне олар сенімді емес.
Тұрғындардың айтуынша, инженерлік желілердің тозығы жеткен. Құбырларды ауыстыру қажет. Біраз уақыт бұрын билік өкілдері оларға Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасына қатысуды ұсынған. Бірақ ол үшін олар қосымша ақы төлеулері керек болады.
Бұл ұсынысты ешкім құптамаған. Себебі, егер тұрғын үйді ресми түрде апатты деп таныса, онда тұрғындарға жаңа үй, кезек тәртібімен, тегін берілуі керек.
«Бұл ондай жағдай емес. Біздікі тозығы жеткен үй емес, апатты жағдайда тұрған үй. Ол кез келген сәтте қирап қалуы мүмкін. Үйдің айналасын сым арқанмен керіп тастаған, соның өзі барлығын аңғартып тұрған жоқ па? Мұндайды қай жерден көрдіңіздер? Мұндай шара қолданғаны, бізге төнген қауіп өте жоғары дегеннің белгісі ғой", - дейді алаңдаған тұрғындар.
Шенеуніктердің айтуынша, тұрғын үйдің 66%-ы тозған кезде ғана, оны апатты деп таниды екен. Ал басқа жағдайларда оған жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады. Сондықтан бұл үй апатты деп саналмайды.
Ал тұрғындар болса, ауа рауының бұзылатыны туралы хабарламаларды оқыған сайын, қорқатын болған. Жел соққан сайын, тұрғындар қабырға сылақтарының түсетінін айтады. Ал төтенше жағдай орын алса, бұл сым арқан көмек болмайды деп отыр тұрғындар.
Тағы оқыңыздар:
Салмағы 430 келіге жеткен 25 жастағы ер адам салмағын арттыра түсуді армандап жүр (фото)
Атырау әкімдігі екі жыл бұрын бақилық болған азаматқа жер берген
Алматыдағы "Арасан" моншасындағы "бассейнге іш киімсіз түсу" туралы жаңа талап елді дүрліктірді
Қостанайда 87 жастағы әжейді айуандықпен өлтіріп кетті
Арабтың қара жамылғысын киіп алған Мәдина Сәдуақасова жұрттың ашуына тиді (фото, видео)
13-жасар оқушыдан жүкті болып қалған мұғалім темір тордан бір-ақ шықты
Шымкентте "құрсақтағы баланың жынысын ауыстырып беретіндер" жұртты таң қалдырды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1375566-kokshetauda-kopqabatty-uylerdinh-biri/