Алматыдағы ХҚКО-да қайтыс болған азаматқа қатысты тың ақпарат пайда болды
Опубликовано:
Алматыда тіркеуге келген бір азамат жағдайы күрт нашарлап, жүздеген адамның көз алдында қайтыс болды. Халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күткен 1964 жылғы тұрғынға сол маңдағы дәрігерлер де көмек көрсете алмаған деп хабарлайды 31 арна.
Куәгерлердің айтуынша, ол жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған. Дәрігерлер кезекте жан тапсырған азаматты науқас еді десе, марқұмның туыстары бұрын сырқаты жоқ болғанын айтады.
Бір азаматтың кезекте жан тапсырғанын ресми орын өкілдері қанша жасыруға тырысқанымен куәгерлер оқиғаның барысын баяндап берді. Айтуларынша, жедел жәрдем қызметі кешіккен.
Олар келгенше жағдайы нашарлап кетті
"Жанталасып жатыр екен. Ана жақта 2 медик отырған. Олар келгенше жағдайы нашарлап кетті. Айқайладым "скорый, скорый" деп. Ал "скорыйды" олар шақырып еді 1 сағаттан кейін келді. Өліп қалғаннан кейін келді ғой", - дейді куәгер Серік Оңғарбаев.
Полицейлер мен орталық қызметкерлері мәйітті оқшаулап, жасырып әуре болды. Ғимараттың артқы есігінен алып шыққан қызметкерлер марқұмның денесін қапқа салған күйі полицейлердің патруль көлігіне тиеді.
Кім жауап береді бұған?
"Балам қайтыс болды, міне, құлап. Бұрын ондай ауырғанын білмедім. Әкесімін мен, сексендемін. Не істеймін мен, қолымнан не келеді менің? Кім жауап береді бұған?", - дейді марқұмның әкесі Нүркебай Қонқақов.
Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында кезекшілікте болған медицина қызметкерлері жағдайы нашарлаған азаматқа бірден көмекке ұмтылдық дейді. Айтуларынша, көз жұмған Жарас Нүркебайұлы эпилепсия сырқатымен ауырған.
Уақытша тіркеуге келгендердің көптігі сонша, науқас адам емес дені сау жанның өзі ғимарат ішінде көп бола алмайды. Халық орталықта ешқандай жағдай жасалмаған деп ашулы.
Халықты иіріп не істеп қойдыңдар?
"Не мынау? Халықты иіріп не істеп қойдыңдар? Үкімет басындағылар қайда? Қазір күйеуім 62-де, еш жерге жұмысқа алмайды. Депутаттар 70-75-ке дейін жұмыс істеп отыр", - дейді Алатау ауданының тұрғыны Айнагүл Қалыбаева.
Алты күн бұрын Алматы облысы Іле ауданында бір адам халыққа қызмет көрсету орталығында жан тапсырған. Марқұм ғимарат сыртында көз жұмды деп мекеме басшылығы ресми хабар тараты. Алайда оның үш сағат бойы кезек күткені де айтылып отыр.
Тағы оқыңыздар:
БҚО-да газшылардың қызметінен кейін егіз балалардың анасы ыс тиіп көз жұмды
Қазақстан парламенті өзінің қосымша өкілеттігін өзі ұсынбақ
Шымкенттіктер бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастады
Қожайынының қолын құшақтағанды ұнататын ерке мысық желіде жұлдыз болды
ОҚО әкімі жігіттер тиіссе, дзюдошы қыздардан көмек сұрайтынын айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1377468-almatydaghy-khqko-da-qaytys-bolghan-azam/