Ақтөбеде отставкадағы подполковник із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысының полицейлері отставкадағы подполковник Байжомарт Жиеналинге іздеу жариялады. 41 жастағы азамат із-түзсіз жоғалып кеткен деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Ішкі істер органдарына экс-полицейдің туған-туыстары арызданып келген.

"Ақтөбе облыстық ІІД із-түзсіз жоғалып кеткен Байжомарт Жиеналинге іздеу жариялайды. 20 қаңтар күні шамамен кешкі сағат 18:00-де ол үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Оның ерекше белгілері: бойы 180-185 см, арық денелі, қысқартылған қара шашты, қара көзді. Үстінде қара-көк түсті куртка, бұтында трико, аяғында қара түсті етік, басында қара кепка болған", - делінген ішкі істер органдары таратқан хабарламада.

Байжомарт Жиеналинді көрген-білгендер болса немесе оның қайда екені туралы ақпарат білетіндер полиция бөлімшесінің 102 байланыс номеріне, сондай-ақ, 8 776 546 66 66, 8 747 500 22 77, 8 747 332 35 37 номерлеріне хабарласуына болады.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі «аңқиып» тұрған арықтарды қалай жапқанын айтып берді

Үш центнер насыбайды пойыз төбесіне жасырмақ болғандар ұсталып қалды

Қытайда жүрген Димаш Құдайбергеновтің оққағарлары бар ма? (фото)

Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстап жүруден бас тартты

Аңдамай сөйлеген депутатқа қатысты тексерістің қорытындысы жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1386354-aqtobede-otstavkadaghy-podpolkovnik/