Алматыда салынып бітпеген ғимарат Универсиада қарсаңында адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы "Сұңқар" трамплиніне қарама-қарсы Әл-Фараби, 128а мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратты салынып бітпегені байқалмайтындай етіп өзгертіп қойды. Бұл туралы "Крышаға"сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Алыстан құрылыс толықтай біткен секілді болып көрінеді. Алайда жақындасаңыз, бұның жай сурет екенін бірден ұғасыз.

Аймақта күзетшіден басқа ешкім жоқ. Ғимаратта құрылыс тоқтап қалған.

Осылайша бұрыннан қаңырап тұрған Абай даңғылындағы бұрынғы казино орнын да "жөндеп" қойған. Құрылыстың шынайы келбеті жарнамалық плакаттардың артына жасырылды.

Мұндай "ретке келтірулер" алдағы Универсиадаға орай жүзеге асырылып жатқан болуы керек. Еске салсақ, жарыс 29 қаңтардан 8 ақпанға дейін өтеді.

Тағы оқыңыздар: 

Отбасылы жігітті сүйіп қалған ару тығырықтан шығар жол таба алмай жүр

Шымкент әкімінің балаларын астаналық полицейлер ұстап алды (видео)

Айсәуле Бақытбек пен Әділ Лиян не үшін дауласып қалды?

Тойда асаба болып жүрген оқушы елді аузына қаратты

Атышулы сәнгер Лилия Рах бостандыққа шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1389094-almatyda-salynyp-bitpegen-ghimarat-un/