Қазақстандық мұнай бизнесіндегі топ-менеджерлердің рулық таңбасы қандай?

Опубликовано:

Қазақстанда рулық таңбалар күн санап сұранысқа ие болуда. Геральдика шебері Александр Кандрашев қазақтардың рулық таңбалары еуропалық елтаңбалардың негізін қалағанын алға тартты.

Александр Анатольевичтің рулық елтаңбалармен айналысып жүргеніне он жылдан астам уақыт болды. Таңбаларды 70-ші жылдардың өзінен бастап ғалымдар зерттеуге кіріскен.

"Қазақтың бірегей геральдикалық жүйесі әлем бойынша ешбір елде жоқ. Солтүстік кавказ елінде ұқсастықтар бар, дегенмен қазақтар оқ бойы алда. Көшпенділер өз аймағын бекіту үшін әр ру өз таңбасын ойлап тапты. Оларды малға да таңба ретінде басып отырған. Сонымен қатар мал жаятын өңірлердің тастарына да таңба басылатын", - дейді шебер.

Александр Кандрашев қазақтардың әр руында өз ұраны болғанын айтуда. Геральдика тарихы қазақ қоғамында 12-13 ғасырдан бастау алады. Шебер Еуропада мұндай дүние ол кезде мүлде болмағанын айтуда.

Александр кейіннен Еуропада пайда болған таңбаларда арыстан, жобарыс секілді Батыс Еуропада жоқ жануарлар бейнеленгенін алға тартты. Ал грифон секілді ойдан шығарылған жануар ең алдымен сақтардың таңбаларында болған екен.

Әр рудағы адамның өз отбасылық символы болған. Ұлдары отбасынан бөлек шыққанда әкесінің таңбасын пайлаланып, оған жаңа белгі салып отырған.

"Жұмысымның 70%-ы зерттеуден құралады. Рулық түптамырын зерттеймін. Кейде тапсырыс берушілер өздері білмеген жайтқа қанық болып, таңырқап қалады", - дейді Кондрашев.

Ол мұнай бизнесінің топ-менеджеріне таңба жасағанда көп уақытын жұмсағанын есіне алды.

"Ол Табыннан еді. Бұл моңғол тілінде бес деген мағынаны білдіреді. Рудың негізін бес отбасы қалаған. Олар Табын тауының етегінде қоныстанған. Кейін Қазақстанның жоғарғы бөлігіне дейін көшіп, Батыс Қазақстанға жеткен", -  дейді шебер.

Нәтижесінде таңбада тау, бес жұлдыз бейнеленген. Сонымен қатар рулық ұран мен рудың тотемдік жануары да салынды.

Кейбірі таңбаға өзінің ерекше белгісін салдыртады. Мәселен мұнай саласындағы клиенттердің бірі таңбаға екі тамшы мұнайдың суретін салдырған.

Александр Қожалардың да таңбасын салды. Шебердің әйелі - Қожадан шыққан қазақ қызы.

Шебер бұл жұмысын шамамен 1500 долларға бағалайды (500 мың теңгеден бастап).

Таңбаны сапалы ағаштан, алтын немесе күміс жалатып жасайды. Металдан да жасауға болады.

Таңбадан бөлек Александр Анатольевич қылыш та жасайды. Олардың бірін елдегі танымал кәсіпкер есік тұтқасы ретінде қолданбақ.

"Бұл - алдаспан қылыш. Оны тарихи құжаттарда дәл осылай суреттеген", - дейді шебер.

Тағы оқыңыздар: 

Жас маман: Бізде жұмысқа тұру үшін не танысың, не ақшаң болу керек

Өгей анасы өлтірген 11 жасар Өркеннің әжесі келініне өлім жазасын сұрап отыр

Атырауда ата-анасымен Сирияға аттанған балалардың саны оннан асып кетті

Меруерт Түсіпбаева құны 10 мың доллар тұратын тонын көрсетті (фото)

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1389415-qazaqstandyq-munay-biznesi-top-mened/