Өлім жазасына кесілгендерді халықтың асырағаны дұрыс па?
Опубликовано:
Отандық басылым тәуелсіз ел тарихында қанша адамның өлім жазасына кесілгеніне тоқталып, олардың ішіп-жеуіне кететін шығын халықтың қалтасынан шығып жатқанын жазды.
"Елімізде өлім жазасын тағайындауға болғанымен, орындауға моратория жарияланған. Мұндай моратория 2003 жылы желтоқсан айында Елбасының жарлығымен бекітілген. Сондықтан, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап өлім жазасына кесілгендер өмір бойы түрмеде отырады. Қазір елімізде өмір бойы қатаң режимдегі түрмеде жалғыз кісілік камерада отыру жазасы кесілген 100 адам бар. Егер өлім жазасына жарияланған шектеу алынып тасталса, бұлардың бәрі бір жылдан соң атылады", - деп жазған басылым тәуелсіз ел тарихында қанша адамның өлім жазасына кесілгеніне тоқталды.
"Тәуелсіз еліміздің тарихында мұндай ауыр жазаға кесіліп, атылғандардың саны 536 адам. Соңғы рет 2003 жылы 12 адам атылған. Моратория қабылданғаннан бері тағы 5 адам өлім жазасына кесілген. Бізде әйелдер, кәмелетке толмаған балалар мен жасы 63-тен асқан адамдарға өлім жазасы қолданылмайды.
Ал өлім жазасына кесілгендерді бюджеттің ақшасына ұстайды. Оларды күзетуге, ішіп-жеуіне кететін шығын салық ретінде сіз бен біздің қалтамыздан шығып жатыр", - деп жазады басылым.
Тағы оқыңыздар:
Тасмағамбетов елбасы жолдауының орындалуын тікелей қадағалайтын болады
ОҚО-ның бас дәрігері ешкімге айтпай аурухананы тексеріп, ақ халаттыларды аяғынан тік тұрғызды
Ақшаға малынған жас жігіт Алматы көшелерін кезіп жүр (фото)
Ызаға булыққан қостанайлық әйел полицейдің бетін тырнап алды
Өзбекстанда дүниеге келген үшемге Ислам Каримовтің атын берді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1394336-olim-zhazasyna-kesilgenderdi-khalyqty/