Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең арзан шұлық 40 мың теңге тұратын брендті дүкендерден кімдер киінеді? (фото)

Опубликовано:

Бұл бағаларды көргенде өзіңізді ыңғайсыз сезінетініңіз өтірік емес. Мұнда келгенде өзіңізді дүниедегі екінші «сұрыпты» адаммын деп санауыңыз мүмкін. Әңгіме аты да, заты да әлемге әйгілі люкс және премиум брендтер жайлы болып отыр. Жалпы қымбат киім дүкендеріндегі баға тек сізді ғана емес әлем халқының 99 пайызын осындай сезімге «бөлейді».

Көпшіліктің қолы жете бермейтін киім дүкендері құдды мұражайдағыдай самсап тұр.

Қаңтар айы сауда жүрмейтін кезең болып саналатыны белгілі. Оның үстіне Алматыда люкс санатына жататын брендті киім киетін тұрғын санаулы. Содан да болар, дүкендерде сауда жасап жүрген адам қарасы аз.

Жасыратыны жоқ, есесіне мұнда жарқ-жұрқ еткен әйнек фонына суретке түсуге келетін қарапайым халық көп жүреді.

Залда жүрген сақшылар дүкенге фотоаппаратпен, үлкен сөмке, пакеттермен кірген адамдарды жақтыра бермейді.

Сатушы қыздар дүкен аралап жүрген адамның қыр соңынан қалмай, артына түсіп алады. Олар кімнің жай жүргенін, кімнің нақты бірнәрсе сатып алуға келгенін адамдардың қас-қабағынан түсінетін жағдайға жеткен.

Мұндағы ең арзан деген киім - шұлық. Оның құны еліміздегі ортаңқол жұмысшының айлық табысына тең - 40 мың теңге.

Мына жеңсіз қысқа көйлек Францияда тігілген екен. Бағасы – 1 миллион 200 мың теңге.

Әйелдердің іш киімі де арзан емес. Мәселен мына La Perla брендінің іш киімін 25 пайызға арзандатқанның өзінде сізге 180 мыңнан төмен бағаға бере алмайды. Өйткені оның аты бар.

Ер адамдардың іш киімі сәл арзанырақ. Armani іш киімінің үш даналық бір қаптамасы - 25 мың теңге.

Мына Jimmy Choo-дің қысқа қонышты, біз өкшелі қыстық етігі 439 мың теңге. Ал брендтің интернет дүкенінде 975 еуро (342 мың теңге).

- Мына көйлек қанша тұрады?

- 700 мың теңге. Бұл көйлектер бүгін арзандатылған бағамен саудаға түсіп жатыр. Жарты бағасына сатып ала аласыз.

Біреулерге бұл сома - алты ай азық. Дегенмен, сатушылардың айтуынша, бай бағландар сапалы әрі сәнді киімді бағасына қарамай, ойланбастан сатып алады.

Олар мұндай қымбаттық дүниеге неліктен әуес келеді?

Психолог ғалымдар оның мынадай себептерін атайды.

Біріншіден, люкс санаттағы брендті киім мен әшекейді екінің бірі сатып ала алмайды. Олар аз данамен тігіледі. Оны сатып алған адам өзін дүниеде қайталанбас ерекше тұлға сезінуі мүмкін.

Екіншіден, қымбатқа әуес адамдар брендті киімнің сапасы жоғары болады деген қағидаға сенеді және қымбатқа бағалайды. Олар соны сатып алып, тозғанша бірнеше жыл тастамай киеді.

Әркім өзінің қалтасы көтергенше әрленеді, сәнденеді. Әрине, қымбат киінген адамды ешкім сөкпейді. Тек адамдар «сырты бүтін, іші түтін» деген мәтелдің кебін кимесе болғаны.

Тағы оқыңыздар:

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швецияны ойсырата жеңді (фото)

Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар ақшаны қайдан алғанын айтты

"Chanel" империясының мұрагеріне перзент сыйлаған қазақ қызы кім? (фото)

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Теміртауда 7 сыныптың оқушысы өлер алдындағы хатын қарға жазып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1394585-almatydaghy-alemge-aygili-brendti-duk/

pixel