Бүгін Әлия Назарбаева 37 жасқа толды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші қызы Әлия Назарбаева бүгін 37 жасқа толды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева 1980 жылы 3 ақпанда дүниеге келген.

Фортепиано сыныбы бойынша Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебін, Швейцария колледжі мен «юриспруденция» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

L'Officiel сән журналына берген сұхбатында Әлия Назарбаева 12 жасында Германияға оқуға аттанғанын айтқан. Отбасының сүт кенжесі әрі еркесі бола тұра, Әлия өзінің ер мінезді болып өскенін де тілге тиек еткен.

Ол қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік біледі.

Оның жолдасы - «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының төрағасы Димаш Досанов.

Екі қыз, бір ұлдың анасы атанған Әлия Назарбаева қоғамдық жобаларға белсене атсалысады.

«Европа плюс» радиосы директорының көмекшісі, «ТұранӘлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі, «Алматыфарм» корпорациясының президенті, «Caspian Indutries Ltd» ЖШС бас директоры, «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқара жүріп, өзін білікті маман ретінде көрсете білген.

Танымал Damiani зергерлік үйінің брендін және Alsara зергерлік бұйымдарының жеке желісін жарнамалаумен айналысқан.

Бүгінде ол "Жандану әлемі" қорының құрылтайшысы, "Бала дауысы" жобасының бастамашысы, "Анаға апарар жол" фильмінің бас продюсері.

Тағы оқыңыздар:

Витас Димаштың төңірегінде дауға қатысты ресми түрде мәлімдеме жасады

«Қайрат» ойыншысынан мидың қатерлігі ісігі табылды

ОҚО тұрғыны аудандық аурухананың адам шошырлық жағдайын айтты (видео)

Астанада бюджеттің 4 миллиард теңгесіне зират салынып жатыр

"Кешью" тобына келген әншінің кім екені белгілі болды (фото, видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1397304-bugin-aliya-nazarbaeva-37-zhasqa-toldy/