Өз нәпсісіне ие бола алмаған мұғалім оқушысымен жақындасып қойды
Опубликовано:
Оқушысымен жыныстық қатынасқа түскені үшін жұмыстан қуылған әйел одан өзі сыйға тартқан сыйлықтарын кері қайтаруын талап етіп отыр деп хабарлайды mk.ru порталына сілтеме жасап NUR.KZ.
Мәскеулік гимназияның ағылшын тілі мұғалімі өз нәпсісіне ие бола алмай мектептің 11 сынып оқушысымен жақындасып қойған. Махаббат драмасы көпке созылмаған.
Бұл жағдайды ең бірінші болып жасөспірімнің анасы білген. Оқушы баланың айтуынша, оның мұндай қадамға баруына 40 жастағы мұғаліміне деген аяныш сезімі итермелеген. Ол оқушысына егер қарым-қатынасты үзетін болсаң, өз-өзіме қол салам деп қорқытқан көрінеді. Ал мұғалім керісінше, жыныстық қатынастың екеуара келісіммен болғанын алға тартып, берген сыйлықтарын кері қайтаруын сұраған.
17 жастағы оқушы гимназияға осы оқу жылы басқа мектептен ауысып келген. Сыныптастарының сөзіне қарағанда ол жаңадан келсе де өз ортасында беделді болыпты. Музыканы ұнатады, жақсы киінеді. Ал ағылшын тілі мұғалімі оны тілге деген зеректігі үшін ұнатқанға ұқсайды.
О баста олар бір-бірімен хабарлама арқылы сөйлесіп жүрген. Кейін олар бір-біріне сезім білдіріп, оның соңы жыныстық қатынасқа ұласқан. Олардың қарым-қатынасы тұрақты болған. Сондықтан мұғалім оған қымбат сыйлықтар, нақтырақ айтқанда, телефон мен білезік сыйлаған.
Бұл жағдайды анасы ұлының өз аузынан естіген. Ол дереу ағылшын тілі мұғаліміне телефон шалып, оны қорқытқан. Ал мұғалім өз кезегінде оқушының анасы қызмет ететін елшілікке барып, оны қорқытып жүргенін айтады. Оқушының анасы қызметте өзінің беделіне нұқсан келмес үшін полицияға барып, "мұғалім жала жапты" деген желеумен шағым түсірмек болады. Алайда ойлана келе, ол "кәмелетке толмаған ұлымды ұятсыз әркетке баруға итермеледі" деп мәлімдеме жасады.
Құқық қорғау органдары педагог пен оқушының жазысқан хабарламаларынан жыныстық қатынастың екеуара келісіммен болғанын анықтады. Десе де мұғалім мектепте жұмыс істеу құқынан айырылды.
Тағы оқыңыздар:
Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді
Түркияда құлдыққа түскен қырғыз қызы адам шошырлық күйде табылды (фото)
Шымкентте жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады
Путинді құрметтейтінін айтқан Трамп сынның астында қалды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1400185-oz-napsisine-ie-bola-almaghan-mughalim-o/