Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуін қатаң режимдегі колонияға жіберді
Опубликовано:
Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты Алматы облысында орналасқан қатаң режимдегі колонияға жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бүгінге дейін СИЗО-да отырып келген Есентаев енді ауыр қылмыс жасағандарды қамайтын қатаң режимдегі колонияға жіберілді. Бақытбек Есентаев бұрынғы әйелі Баян Мақсатқызын өлімші етіп сабағаны үшін 9 жылға сотталған болатын.
Бұл колонияда Әліби Жұмағұловты аяусыз соққыға жыққан Қайрат Жамалиев те жазасын өтеп жатыр.
Ал Баян Мақсатқызы белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл қосып, көктемде тұрмысқа шығатынын мәлімдеген болатын. Ол жақын арада болашақ күйеуінің тегіне өтуі мүмкін екенін де айтты.
Бақытбек пен Баянның қызы Айсәуле анасының таңдауына риза екенін айтып, бәрінің бақытты болғанын қалайтынын жеткізді.
Тағы оқыңыздар:
Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді
Түркияда құлдыққа түскен қырғыз қызы адам шошырлық күйде табылды (фото)
Шымкентте жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады
Путинді құрметтейтінін айтқан Трамп сынның астында қалды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1400295-bayan-maqsatqyzynynh-burynghy-kuyeuin-q/