Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздады
Опубликовано:
Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздаған деп хабарлайды КТК арнасы.
Қаскөйлердің арбауына түскелі жатқан жеткіншектерді құзырлы орындар дер кезінде анықтапты.
"Екі оқушы ойынға енді кірген. Бірақ сол әлеуметтік желідегі қауіпті ойынға тіркелгендер де бар. Қайғылы жағдай болмас үшін, ата-ана ұл-қыздарын үнемі бақылауда ұстауға шақырамын. Қазір бізде осы бағытта жұмысты күшейтіп жатырмыз", - дейді Жамбыл облыстық прокуратурасының аға прокуроры Аброй Азаматов.
Әзірге екеуінің де аты-жөні айтылмай отыр. Белгілісі біреуі Таразда, ал екіншісі аудандағы мектептердің бірінде оқиды. Осы 8-ші сынып оқушысы «Синий кит» ойынын құмарлана ойнауға кіріскен екен. Тіпті, қаскүнемдердің екі тапсырмасын орындап, қолына киттің суретін салып үлгеріпті.
Құдай сақтағанда, оның бұл әрекеті уақытылы анықталып, бір ажалдан қалды. Қазір жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде осы қауіпті ойын шықты дегелі елден маза қашты. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, ойынға кірген соң одан тірі шығу мүмкін емес екен.
Ата-аналарды шошытқан «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына байланысты кешеден бері еліміздің Ішкі істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтсе, Ақпарат министірлігі қаскөйлермен білек сыбана күресуге кіріскендерін мәлімдеді.
Тағы оқыңыздар:
Елбасы Астана қаласының шекарасына өзгертулер енгізді
Ресейден келген төреші Шымбұлақтағы қар көшкінінің салдарынан қайтыс болды
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте нешінші орынға тұрақтады?
Елімізде әкімшілік жазаны жеңілдету жоспарлануда
Неймар "Ақтөбе" футбол клубына жанкүйер болатынын мәлімдеді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1401869-zhambylda-eki-mektep-oqushysy-qauipti/