Жасы 35-ке келген қазақ қызы балалы болудан бас тартты
Жарияланған күні:
Балалы болудан саналы түрде бас тарту құбылысы қазақ қоғамына да еніп келеді. Өзі үшін өмір сүруді әдетке айналдырған қыздар ана болу жауапкершілігінен қашатыны белгілі болды. Әйел бақыты бағдарламасында жасы 35-ке келген әйел неліктен мұндай өмір салтын таңдайтынын айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Шолпан жеке кәсіппен айналысады. Жақын арада тұрмыс құру туралы ойы жоқ.
«Тұрмысқа шыққым келмейді. Оқыдым, екі дипломым бар. Қазір жеке кәсіппен айналысып жүрмін. Карьера қуғым келеді», - дейді ол.
Шолпан балалы болуға дайын емес екенін айтты.
«Дене сымбатымды құртқым келмейді, бет-әлпетімді жақсы ұстағым келеді. Оны (тұрмысқа шығуды – ред.) уақытында көреміз. Әлі жаспын. Қырыққа толған кезде тууға болады. Отағасы болатындай ер азаматтар бар, алайда дәл қазір дайын емеспін. Баланы туудың жауапкершілігі мол. Балабақшасы бар, тамағын дайындап беру керек. Мен жанымдағы баласы бар әйелдерді көріп жүрмін. Балаларын ата-енелері қарап жүр. Немесе жұмыс істемей үйде отыр. Мен олар сияқты жүргім келмейді», - дейді Шолпан.
35 жастағы әйел балалы болу жауапкершілігінен қорқатынын ашық білдірді. Белгілі журналист Қанат Әуесбайұлы бұл құбылыстың батыста қалыпты жағдайға айналғанын айтады. Оның ойынша, чайлдфри субмәдениеті ол жақта тек әйел адамдардың ғана емес, ерлердің арасында да кең етек жайған.
«Өзім оқыған университетте 45 жастағы оқытушы ер азамат та осындай өмір салтын ұстанған. Ол өзі үшін өмір сүреді. Эгоистік сана билеген. Бүкіл әлемді аралап, дүниенің қызығын көріп жүр. Ол баланы қолбайлау деп түсінеді. Кейін жасы келгенде ол өзіне қызметкер жалдайтынын айтты. Бұл субмәдениет өкілдерінің ортақ клубтары, әлеуметтік желіде топтары бар. Өздерімен өздері өмір сүріп жатқан қозғалыс», - дейді журналист.
Тағы оқыңыздар:
"Меломен" тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев әріптестері туралы бар шындықты жайып салды
Қожамжаров: Тұңғышбай Жаманқұлов мұндай қадамға барады деп кім ойлаған?!
Павлодарда "Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды (фото)
Серік Ахметов ісі бойынша сотталған тағы бір адам бостандыққа шықпақшы
Алматыдағы қырғыз нөмірлі көліктерге қауіп төніп тұр
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1402902-zhasy-35-ke-kelgen-ayel-balaly-boludan-ba/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.