Ақтауда алты жасар Виктория Мининаны зорлап өлтірген педофилге сот үкімі шықты
Опубликовано:
Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты жасар Виктория Мининаны зорлап өлтірген адамға қатысты үкім шықты. Бұл туралы сотталушының адвокаты "Лада" басылымына хабарлаған деп жазады NUR.KZ.
Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған төрт бап бойынша айып тағылған. Педофил тек үш бойынша айыпты деп танылды. Айыптау үкімінен 121 баптың 4 бөлімі алынып тасталды.
Үкім әзірше заңды күшіне енбеді.
Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні Ақтаудағы №1 шағынауданында болған еді. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.
Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.
Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізеді. Кейін хәлі аса ауыр Виктория Астанаға тасымалданады. Алайда ол 2016 жылдың 21 қарашасында тілге келместен көз жұмды.
Тағы оқыңыздар:
Кореяға жұмысқа тұру үшін барған жүзге жуық адам оңбай алданып қалды
Оңтүстікте құлдыққа түскен жігіт екі аяғынан айырылды
Димаштың видеосы аз ғана күнде 10 миллионнан аса қаралым жинаған (фото)
Алматыда өртке оранған үйден екі адамның мәйіті табылды
Алматы облысында зорланған Жібек Мусинованың ісі тағы үлкен жанжалмен аяқталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1409543-aqtauda-alty-zhasar-viktoriya-mininany/