Алматылық шенеунік інісін жұмысқа тықпалай беретіндерге жауап берді
Опубликовано:
Алматы хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев "інілеріңді жұмысқа ал", "дөнер дүңгіршектер орнатшы" деп сұранатын таныстары мен бейтаныс адамдарға өзінің Instagram парақшасында жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Маған Медеудегі, хайуанттар бағындағы түрлі тәтті мақта, балмұздақ, кофе сататын киоскілер, батуттар, бургер мен дөнер сататын дүңгіршектер керек емес. Жалға да, тегін де, үлескерлікпен де керек емес.
Маған дарынды, адал, "ешқашан ұятқа қалдырмайды" деп мақтауын асырып жұмысқа тұратын "інілер" қажет емес. Өзімдікі де жетіп артылады.
"Тендерлер, жәр мәселесі, рұқсаттар мен техникалық шарттар секілді әкімдік мәселелерін мен шешпеймін. Оның үстіне мен МАИ қызметкері емеспін", - деп кесіп айтты Еркінбаев.
Осы жазабасы арқылы хайуанаттар бағының директоры өзін түрлі сұрақтарымен мазалайтын адамдардың сауалына жауап беріп, барлығына нүкте қойғысы келген сияқты.
Тағы оқыңыздар:
Тәуекел Мүсілім алғаш рет қылмыс әлеміндегі "авторитеттің" ұлы екенін мойындады
Өзбек билігі елден қашып кеткен Ислам Каримовтың туысына іздеу салды
Ким Чен Ын ағасының өлімі туралы тіс жармай отыр
Рой Джонс: Қанат Ислам әлем чемпионы болады
Ақтөбеде кәсіпкердің ірі ақшасын жоғалтып алған жолсерік өзіне қол салды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1411536-almatylyq-sheneunik-inisin-zhumysqa-ty/