Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тағы бір көкек ана сәбиін далаға тастап кетті (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғыны есігінің алдынан күртешесіне хат қыстырылған кішкентай сәбиді тауып алды деп хабарлайды Жас Қазақ.

«Үйден шыққанда баланың жылаған даусын естідім. Көршінің баласы деп ойладым. Сыртта тұрған көлігіме беттегенде жерде отырған баланы байқадым. Күртешесіне хат қыстырылған. Онда «Аты Зере. Бір жас үш ай. Бір айдан кейін алып кетемін. Ешкімге хабарласпаңыздаршы» деп орысша жазылған», - дейді атын жасырып қалған азаматша.

Оқиға куәгерінің айтуынша, бір жастан асқан нәрестені белгісіз біреу Мәншүк Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласына тастап кеткен.

Оқиға 14 ақпан күні шамамен сағат кешкі 22.00 таман орын алған.Үй қожайындары бірден жергілікті тәртіп сақшыларына хабар береді. Олар келіп, көршілерден сұрастырады. Қарама-қарсы үйде бейнекамера орнатылған. Онда жас қыздың 21.48-де қақпадан кіргені көрсетілген. Бірақ түрі көрінбейді.

Жол бойында тұрған таксистің бірі көкек ананы Алматы-Ташкент тас жолының бойына жеткізгенін айтқан. Нақты қай бағытқа кеткені белгісіз. Бала бір жастан енді асқан болса да «мама, мама» деп анасын қайта-қайта іздейді.

Тағы оқыңыздар:

Тәуекел Мүсілім алғаш рет қылмыс әлеміндегі "авторитеттің" ұлы екенін мойындады

Өзбек билігі елден қашып кеткен Ислам Каримовтың туысына іздеу салды

Ким Чен Ын ағасының өлімі туралы тіс жармай отыр

Рой Джонс: Қанат Ислам әлем чемпионы болады

Ақтөбеде кәсіпкердің ірі ақшасын жоғалтып алған жолсерік өзіне қол салды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1411650-zhambyl-oblysynda-taghy-bir-kokek-ana-sa/

pixel