Сағынтаев: Айдың-күннің аманында жеті арысымыздан айырылып қалдық
Опубликовано:
Бүгін үкіметтің селекторлық отырысын ашқан премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жақында қаза тапқан жеті сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды Baq.kz.
Жұма күні Жамбыл облысындағы Көксай аңғарында қар көшкіні жүріп, 7 сарбаз қаза тапқан болатын.
«Айдың-күннің аманында жеті арысымыздан айырылып қалдық. Өте қайғылы жағдай. Елбасының тапсырмасымен Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына барып қайтты. Қажетті шаралардың барлығын жасаңыздар. Сарбаздардың өліміне қатысты тексеру шараларын тікелей өз бақылауыма аламын», -деді Сағынтаев.
Қорғаныс министрінің айтуынша, қаза болған азаматтардың бес жылдық жалақысы олардың отбасына төленеді. Аталмыш дерек бойынша әскери прокуратурада қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, Көксай шатқалында әскерилердің оқу-жаттығу жиыны кезінде аяқ астынан қар көшкіні жүріп, 23 сарбаз қардың астында қалып қойған болатын. Оның жетеуі көз жұмып, 16-сы құтқарылды.
Қар көшкінінен қаза тапқан 7 сарбаздың отбасына олардың бес жылдық жалақысы төленеді. Бұл туралы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов айтты.
"Қаза болған азаматтардың отбасыларына қаржылай және моральдық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, олардың бес жылдық жалақысы төленеді. Бұл орташа есеп бойынша 4-7 миллион теңге көлемінде болады. Қазір тергеу жұмыстары басталды. Барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Комиссия жұмысын аяқтаған соң, нәтижесін Бақытжан Әбдірұлы өзіңізге жазбаша түрде көрсетемін», - деді Жасұзақов.
Тағы да оқыңыздар:
Қырғызстан Атамбаевтың атышулы сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады
Сапарбаевтың қақ алдында отырған бас эколог телефонынан көз алған жоқ (фото)
Ақмола облысында толғағы келген бірнеше әйел қар құрсауында қалған
Әлиев өз әйелін елдің бірінші вице-президенті етіп сайлады
Данияр Елеусінов отбасын ертіп АҚШ-қа көшетінін айтты
Баян Есентаева немерелі болды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1416535-saghyntaev-aydynh-kunninh-amanynda-zheti/