Қостанайда безбүйрек әке мүгедек ұлынан өз еркімен бас тартты

Опубликовано:

Қостанайда сал ауруына ұшыраған баланың әкесін ата-аналық құқығынан айырды деп хабарлайды alau.kz сілтеме жасап NUR.KZ порталы. Бұл туралы Қостанай қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры Эльмира Нұрқанованың мәлімдемесінен белгілі болды.

«Баланың анасы өз күйеуін әкелік құқынан айыруды сұрап шағым түсірген. Қазір кімдер ата-аналық құқынан айырылмай жатыр дейсіз деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бұл жағдайда сал ауруға шалдыққан баланың әкесі баладан өзі бас тартқан. 2005 жылы дүниеге келген бала туғанынан мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында», — дейді Эльмира Нұрқанова.

Әкесі баласымен 2006 жылдан бері көріспеген. Материалдық көмек те көрсетпеген. Алимент құны 1 миллион теңгеден асып кеткен.

«Ең сорақысы, әкесі тіпті сот отырысына да келмеді. Ол тек әкелік құқынан айыру шешімімен толық келісетінін көрсетіп жазбаша хат жолдаған», — дейді прокурор.

Сот шешімі заңдық күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Алтын жалатылған көліктер мен тікұшақ: Еліміздегі бай-бағландардың тойы қалай өтеді?

Шымкенттік тұрғындар әлі күнге дейін үтікті көмірдің қызуымен жылытып отыр (фото, видео)

Еліміздегі банктердің бірі кредитін төлей алмаған отбасының қызын тартып алмақ болған

Доллар арзандағанымен, азық-түліктің құны екі есеге қымбаттап кеткен

Қостанайда йогурттан уланған екі жасар бүлдіршін қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1419122-qostanayda-bezbuyrek-ake-mugedek-uly/