Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жедел жәрдемді жеті сағат күткен келіншек анасынан айырылып қалды (фото)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында балтырың сыздап, басың ауырса жедел жәрдем көлігін күтпей ауруханаға өзің жеткенің дұрыс. Өйткені, жергілікті тұрғын Роза Сейітқалиқызы дәрігерлерді жеті сағат күтемін деп анасынан айырылып қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айтуынша, олар жедел жәрдемді аяқ-асты халі нашарлаған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету үшін таңғы сағат сегізде шақырған. Алайда, әне-міне келеміз деген ақ халаттылар кеш батарда бір-ақ жетіпті.

«Олар келгенше анам Ақлима Жанұзақованың жағдайы тіптен нашарлап кетті. Өзі 40 жыл ұстаздық қызмет атқарған. Осы Үржар ауданына танымал адам болатын. Зейнетке шыққанымен үйде отырмай қоғамдық жұмыспен айналысты. Оқиға биылғы жылдың ақпан айының екінші жұлдызында орын алды. Таңертең тамағы ісіп, тыныс алуы қиындағандықтан, әкем 103 номеріне хабарласқан. Ондағылар бізге қарайтын дәрігерді жібереміз деп тұтқаны тастай салыпты. Артынша, бірін таппай қалдық», - дейді Роза Сейітқалиқызы.

Келіншектің сөзінше, учаскелік дәрігер сағызша созылып жигулимен жетіпті. Ол орнынан тұра алмай жатқан адамды сол көлікпен ауруханаға жеткізбек болған. Алайда, анасы екі қабатты пәтерден түсер кезде көз жұмыпты.

«Осы сәтте жедел жәрдем көлігі де келді. Шамасы біз жан-жақтағы таныс-тамырға қоңырау шалғандықтан жіберсе керек. Бәрі де кеш болды. Сонда учаскелік дәрігер оларда бір ғана көлік барын айтты. Оның өзі заң бойынша түнде ғана жүреді екен. Күндізгі қоңырауларға жигули баратын көрінеді.

Фелшердің қызыметін учаскелік дәрігер атқарады. Қоңырау түскен бойда, олар қабылдап отырған адамдарын тастай салып кетуі тиіс. Ал, оған келгендердің біреуі өліп кетсе қайтеді? Ешкім алдарына ерігіп бармайды. Жалғыз мен емеспін. Мұнда 28 мың халық бар. Бәрі осылай деп зар қағып отыр», - дейді тұрғын.

Сондықтан ауданның білдей бір емханасын тәуелсіз коммиссияның тексеруін сұрауда. Тіпті, ол біршама былықтың беті ашылуы мүмкін екенін айтуда. Өйткені, тұрғындардың көбі осы жедел жәрдем қызметінің жұмысына наразы. Ал, оған мемлекет тарапынан бөлінген арнайы көліктер өзгенің қолында кетіп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасына толғанысын жеткізді (фото)

Өмірінде қарды бірінші рет көрген шаңғышы желіде жұлдыз болды (видео)

8 жасар қыздың өліміне әкелген жол апатының мән-жайы белгілі болды

Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесін шығару үшін күресетінін айтты

Еліміздің кейбір аймақтарында жауын-шашын күтіледі

Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарын сәтсіз бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1419656-shqo-da-zhedel-zhardemdi-zheti-saghat-kutke/