Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жігіт 300 теңгеден қоңыз сатып, пайда тауып жүр

Опубликовано:

Шымкентте бір азамат қоңыз сатып жүр. Дене тұрқы 2 сантиметрдей болып қалатын көкшіл және сарғыш түсті қоңыздардың бір данасы 300 теңге тұрады екен деп жазады "Замана" басылымы.

Әлгі азамат оның адамның ішкі құрылысын тазартуға таптырмас дәрмек екенін және көптеген ауруларға ем болатынын айтады.

«Осындағы бір емші аламын дегесін әкелген едім, ол үйінде болмай шықты. Сосын алатын адам табылса, сатып кетейін деп әрекеттеніп жүрмін. Негізі сатпай-ақ қойсам да болады, өйткені бұл құнын жоймайды, бұзылып, бүлініп те кетпейді. Дұрыс сақтасаң, көпке дейін тұра береді. Қазір ақша керек болғасын алып шыққан едім», – дейді ол сіріңке қорабына толтыра салынған жәндіктерді көрсетіп.

«Бұл қоңыздар біздің жаққа көктемде келеді... Бұл жәндіктерді кез келген жерден таппайсыз. Қазір аты есіме түспей тұр, биік жерлерде өсетін бір ағаш болады, олар соған құжынап қонады. Талды сілкілеп жіберсең, қоңыздар топырлап түседі, тек жылдам жинап алу керек, әйтпесе бытырап, жан-жаққа қашып, ұшып кетеді. Тағы бір ерекшелігі, оны бұлтты күндері табу қиын», - дейді жігіт.

Қоңыз терушілер бұл жәндіктерді жинап алғасын шығып кетпестей етіп ыдысқа салып қояды екен. Олар сонда серейіп қатып қалады. Сосын жәндіктерді жел қақтырып, күн астында кептіреді де, балалардың қолы жетпейтін, құс тие алмайтын, құмырсқа жоламайтын жерде сақтайды.

Бүгінде кей тәуіптер мұндай қоңызбен адам емдеп жүргенге ұқсайды. Олар оны емделушіге 1000 теңгеден сатады екен. Емдеу курсын 20 күн деп белгілейтін көрінеді. Яғни 10 күн қолданып, 10 күн үзіліс жасайды, сосын емді тағы да 10 күн жалғастырады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, тұман болады

Димаш Құдайберген фортепиано сүйемелдеуімен Adagio әнін қалай шырқады? (видео)

Шығыс Қазақстанда әуеге көтерілген тікұшақ ізім-ғайым жоғалып кетті

Шымкентте қоқыс маңынан жаңа туылған нәресте табылды (фото)

Ақтөбе облысындағы баланы өлтіру ісінде жаңа күдікті пайда болды 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1421242-shymkenttik-zhigit-300-tenhgeden-qonhyz-saty/

pixel