Биімен желіні жарған қостанайлық әйел мен оның қызын "Пусть говорят" бағдарламасы іздеп жатыр (видео)

Опубликовано:

Биімен желінің жұлдызы болған қостанайлық Жәмилә мен Әсем Құлмұхамбетовтерді "Пусть говорят" бағдарламасының редакторлары іздеп жатыр. Ресейліктер анасы мен қызын "Аффтар жжот" бағдарламасынан көргісі келеді деп хабарлайды "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Осы аптада «Пусть говорят» бағдарламасының эфирінен екі бейнеролик көрсетілген. Оның бірі Қостанай тұрғындары қатысқан видео болатын. Редакция алқасы егер роликтің қаһармандары жайлы қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, бірден журналистерге хабарласуын сұрады.

Бұдан хабардар болған Әсел өз пікірін айтты.

"Біз өзіміз көрмедік. Бірақ көп адам хабарласып іздеп жатқанын айтты. Шындығын айтқанда анам екеуміз бұл тақырыпты талқыламадық. Егер шақырып жатса, бармайтын шығармыз", - дейді Әсел.

Айта кетейік, өткен жылдың жаз айында анасы мен қызының биі желіде таралып, видеоны 232 мың адам қараған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Нұрлан Әлімжан өзін "үш баласын тастап кетті" деп сөккендерге жауап берді

Қазақ жігіті күні-түні сериал көруден босамайтын әйелін құтқара алмай жүр

Бар жан-тәнімен әндеткен екі балақай жұрттың жүрегін елжіретті

Төрт айдан астам уақыт жүрексіз өмір сүрген қыз әлемді таң қалдырды (фото)

Қытай тұрғыны босанғаннан кейін бір апта өткен соң егіздерді дүниеге әкелді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1427536-biimen-zhelini-zharghan-qostanaylyq-aye/