Сағадиев жоғары оқу орындарынан "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы алынып тасталғанын естімеген

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында бірқатар мамандықтар тізімнен алынып тасталғанын естімеген болып шықты. Бұл туралы ол бүгін журналистерге хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жақында ғана белгілі болғандай, Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сияқты мамандықтар алынып тасталынған.

«Бұдан зердесіз жаңалық мен естіген жоқпын. Кез келген мұндай шешімдердің күші жойылады. Алаңдамаңыздар. Арандатуға ермеңіздер. Бұл мүмкін емес. Ол болмайды», — деді бүгін Сағадиев парламентте журналистерге.

Министр бұл бұйрық туралы естімегенін айтты.

«Түрлі алыпқашпа әңгіме болады. Министрлік барлығын ашық істейді. Ең алдымен әр бұйрығымызды педагогикалық қоғаммен, мұғалімдермен, ата аналармен талқылап, сосын бір шешімге келеміз. Сіздер айтып отырған мәселені мен естіген емеспін», — деді Сағадиев.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы» деген құжатының жаңа нұсқасын 01,02,2017 жылы қолданысқа енгізді.

Аталған құжаттың «Бакалавриат мамандықтары» деген 7.1. бөлімінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы атымен жоқ. Оның орнына «Мұғалімдерді тілдер мен әдебиет бойынша даярлау» (Подготовка учителей по языкам и литературе) деп жазылған.

Тағы оқыңыздар:

Нұрлан Әлімжан өзін "үш баласын тастап кетті" деп сөккендерге жауап берді

Қазақ жігіті күні-түні сериал көруден босамайтын әйелін құтқара алмай жүр

Бар жан-тәнімен әндеткен екі балақай жұрттың жүрегін елжіретті

Төрт айдан астам уақыт жүрексіз өмір сүрген қыз әлемді таң қалдырды (фото)

Қытай тұрғыны босанғаннан кейін бір апта өткен соң егіздерді дүниеге әкелді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1427600-saghadiev-qazaq-tili-men-adebieti-mama/