Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысының жылқысын ұрлаған кәсіпкер ақыры сотталып кетті

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында шаруа қожалығы өз туысының жылқысын ұрлаған. Кәсіпкерге келген шығын 2 млн теңгеден асады деп жазады Керек инфо.

Әйтеке би аудандық сотында «Нұрасыл» шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, 41 жастағы кәсіпкер 2016 жылдың тамызында екінші бір шаруа қожалығы басшысының 9 бас жылқысын ұрлаған.

Жайылымда жүрген жылқыларды малшысына айдап әкелдіріп, кейін жүк көлігіне тиеп жіберген. Сөйтіп, жәбірленушіге, 2 100 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген. Сотта жәбірленушімен татуласқанын және келтірген шығынды өтегенін айтқан. Істеген ісіне өкініп, малын ұрлаған ауылдасының өз туысы болып келетіндігін жеткізген.

Судья А. Әбдіров оны ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 2 жыл 3 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Оның сыбайласы болған малшысы да дәл осындай мерзімге шартты түрде сотталды. Алдағы уақытта сотталушылар құқық қорғау органдарының бақылауында болмақ.

Тағы оқыңыздар:

Қытайларға қазақтың күйі мен әнін паш еткен Димаш көз жасын тия алмады (фото, видео)

Головкин жеңіліп көрмеген 5 үздік боксшының тізіміне енді

Ақтауда 69 жастағы зейнеткер оқушы қызды азғырғаны үшін сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1429107-tusynynh-zhylqysyn-urlap-isti-bolghan-ka/