Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік шенеунік немересіне Нұротан деп ат қойған (фото)

Опубликовано:

Шымкентте Нұротан есімді бүлдіршін «Нұр Отан» партиясы тарапынан сыйлыққа ие болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев есімі сирек кездесетін бүлдіршінді сыйлықсыз қалдырмады. Партияның құрылған күніне орай өткен отырыста бірінші орынбасар Ордабасы ауданының тұрғыны Нұротан есімді балаға қыстық күртеше сыйлады.

Тоғыз жастағы жеткіншектің есімін атасы Жұман Перналы қойған. Зейнет жасындағы қария ауданға қалаулы азамат. Төрт рет аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарған ол 2003-2008 жылдар аралығында партияның аудандық филиалының төрағасы болған.

12 немеренің атасы алтыншы немересіне осы бір ерекше есімді ырымдап қойған екен.

«Немерем 2007 жылы қазан айында дүниеге келді. Ұл-қыздарым есім беріңіз дегенде елдің, халықтың келешегін ойлайтын азамат болсын деп осы есімді бердім. Бұрындары «Жылқыбай», «Малдыбай», «Сексенбай» деген есімдер кең таралды ғой. Заманына қарай мен де таңдау жасадым. Әлімжан Құртаев мырзаға рахмет, Нұротанымды ескеріп, сыйлық берді. Ол қуанып қалды», - деген қария немересінің оқу озаты екенін айтты.

3 сыныпта оқитын Нұротанды атасы енді Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсіруді мақсат етіп отыр. Ол үшін немересін қазірден бастап дайындап, елге қызмет ету керектігін жиі айтып отырады.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің кейбір аймақтарында тұман болып, жел тұрады

Ішкі істер органдарында қызмет ететін ең сұлу арудың арманы қандай? (фото)

Селфи үшін гүл шоғын жалға беретін қызмет түрі желі қолданушыларын таңғалдырды

Аяғы ауыр Қарақаттың жерік асын әкелген Қыдырәлі ел сүйіспеншілігіне бөленді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1429664-shymkentte-nur-otandy-birneshe-zhyl-basq/

pixel