Шымкентте көр қазушыларға айына 12 қабір қазу туралы жоспар бекітіп берген

Опубликовано:

Шымкентте марқұмдарды жерлеумен айналысатын ұйым жұмысшыларына адам сенгісіз талап қойып отыр. Олар көр қазумен айналысатын үш адамға айына 12 көр қазуды тапсырып, жоспар бекітіп берген.

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

Шымкенттің «Самал» базарына жақын маңда «Ақмырзабай ата» деп аталатын мазарат жатыр. Жергілікті азаматтардың айтуынша, оның бір ғасырға жуық тарихы бар.

Төңіректегі «Тельман» бөлімшесінің және басқа да аумақтардың тұрғындары марқұм болған туыстарын осы қорым­ға апарып жерлейді. Міне, бүгінде осы «Ақмырзабай ата» мазаратында көр қазушы болып істейтін азаматтар мен жерлеу қызметін көрсететін «Ритуал» серіктестігі басшысының арасында келіспеушілік туындап отыр.

Бұл дау «Ритуал» серіктестігінің көр қазушыларға жоспар міндеттеуінен бастау алған. Аталған мазаратта көр қазу жұмысын үш азамат атқарады екен. 

"Біз бәріміз «Ритуалдың» көр қазушыларға айына 12 адамға жоспар бересіңдер дегеніне наразымыз. Мен мына ауылда тұрамын. Бұл мазаратта біздің аталарымыз, туыстарымыз жерленген. Сондықтан болып жатқан оқиғаға бейжай қарай алмаймыз", - дейді Бақытжан Қасымов.

"План" қойған деген не сұмдық?! Бұрын мұндай болған емес. Бәрі өткен желтоқсан айынан басталды. Алғашында «планды» 24 мәйітке бергізбек болды, жұрт шулап, қарсы шыққасын оны 18-ге кемітті, енді осы ақпан айынан бастап 12 көр қазуға жоспар беріп отыр", - дейді ашынған жұмысшылар. 

Марқұмның туыстары қабірге бөлінетін жер үшін 8 мың теңге төлейді, осыны мәйіт басына шаққанда «Ритуалға» айына 96 мың теңге төлеу керек екен. Ал көр қазушылар мұндай жоспарды қалай орындайды? Адамның ажал құшуы бір Құдайдан емес пе? Бір айда 12 адам өледі деп кім кепілдік беріп айта алады?", - дейді көр қазушы болып жұмыс істейтін Бақытжан Болатұлы.

Міне, қазір үш-төрт күн болды, көр қазушыларға жұмыс жоқ, олар бос жүр. Олардың кей айларда он шақты қабір қазуларына тура келеді, кейде одан да асуы мүмкін. Ал көр қазушылардың үшеуінің алатын жалақысы 30 мың теңге. Басшылық кейінгі кездері азғантай жалақыны да төлемей қойған.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-ның шенеуніктері қыз-келіншектерге xормен ән айтып берді (видео)

Алматыда "Қайрат" жанкүйерлері "Ақтөбенің" фанаттарын соққыға жықты (видео)

Өзінен жеті жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан ару бақытты отбасының сырымен бөлісті (фото)

Астанада дәрігер кейпіне енген әйел жүкті келіншектерді тонап кетті (фото)

Ақтөбеде тәрбиешінің салғырттығынан екі жасар бүлдіршін оңбай күйіп қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1430442-shymkentte-kor-qazushylargha-ayyna-12-qabi/