Қостанайда дәрігер әйелді айуандықпен өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды (фото)

Опубликовано:

Қостанай облысында дәрігерді айуандықпен өлтірді деген күдікпен Руслан Гафаровқа іздеу салынды деп хабарлайды жергілікті ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Іздеу салынған қылмыскер - 1977 жылғы Қостанай қаласының тумасы. Ерекше белгілері: ірі денелі, бойы 175-180 см аралығында, шашының түсі қара, мұрт немесе сақал қойып жүруі мүмкін.

Бұл нарколог-дәрігер Рашида Сандыбаеваны өлтірген қылмыскердің дәл өзі болуы мүмкін деп жазады Kstnews.kz.

Еске сала кетейік, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 30 жерден пышақ жарақатымен 20 ақпанда өз пәтерінен өлі күйінде табылды. Кейін марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталған.

Ал арада бірнеше күн өтпей жатып, сол облыстық психиатриялық диспансердің бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина әріптесі Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда полиция полковнигінің әкесі төрт жарым жылдан бері малшыны құлдықта ұстап отыр (фото)

ОҚО-да бойжеткен өзінің пәктігіне сенбеген жігітті сотқа берді

Желіде Ақбота Керімбекованың ақша сұрап тұрған видеосы пайда болды (видео)

Әлемдік мамандар Қазақстан мен Нью-Йорктегі бағаларды салыстырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1432798-qostanayda-dariger-ayeldi-ayuandyqp/