Массаж салонына жұмысқа тұрған қостанайлық бойжеткенге басшылық жезөкше болуды ұсынған

Опубликовано:

Қостанайда 18 жастағы қыз 28 жастағы танысының шақыруымен массаж жасайтын салонға жұмысқа орналасады. Алайда, бойжеткен тұтынушыларға интимдік қызмет көрсету қажет екенін білген кезде ол жерден қашып кеткен деп хабарлайды аймақтың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

18 жастағы қостанайлық қызға "түнгі көбелек" болып жұмыс жасау үшін ірі көлемдегі ақша ұсынады. Бірақ, ол мұны естіген бойда қашып құтылып, полицияға хабар беруді жөн санаған.

28 жастағы келіншек бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға үгіттегені үшін күдікті ретінде қамауға алынды.

Бұдан бөлек, Қостанай облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Ұзынкөл ауылының 17 жастағы тұрғынын әлдекімдердің жезөкшелікке итермелегінін анықтаған.

"Кәмелеттік жасқа толмаған қызға оның 19 жастағы ауылдасы жезөкшелікпен айналысуға үгіттейді. Бойжеткеннің бес айлық баласы болған соң, ол аталмыш ұсынысқа келісімін берген", - дейді баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, қыздың қандай жолмен ақша тауып жүргенін тәртіп сақшылары ата-анасына жеткізген. Осыдан кейін олар полиция бөлімшесіне барып арыз жазды.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентке келін болудың 5 артықшылығы қандай?

Ақтөбелік ананың келін-баласы үшінші сәбиін Сирияда дүниеге әкелді (фото)

Жанармай бағасының қымбаттығы жағынан Қазақстан әлемде көш бастайды

Баян Есентаева он алты жастағы қызды белгілі актермен сүйістіріп қойды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1436409-massazh-salonyna-zhumysqa-turghan-qosta/