Бақытын Италиядан тапқан қызылордалық қыз италиялық енесімен мақтанды (фото)
Опубликовано:
Қызылордалық аудармашы Камилла үш жыл бұрын Италияға көшіп кетіп, өмірін түбегейлі өзгерткен. Қазақстандағы 9 жылдық некесі сәтсіз болған әйел арманындағы сүйіктісін Италиядан жолықтырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Қызылордада тұрып келген Камилла тұрмысқа шыққаннан кейін бірнеше жыл өткенде, Италияға көшуді қалайды. Ол Милан маңынан үй сатып алып, күйеуімен Еуропаға аттанған. Алайда бұл қадамдары сәтсіз болып, екеуі айырылысып кетеді.
«Күйеуіме туған жерінен кету оңай болмады. Біз Италияда екі ай болдық. Ол қайтқысы келді, себебі мұнда оған бәрін басынан бастауға тура келетін. Мен қарсылық танытпадым. Италияда қалғым келді. Күйеуім Қазақстанға қайтып оралса, мен Еуропада магистратураны бітіру үшін визаны создырдым", - дейді ол.
Көп ұзамай бойжеткен анасымен бірге қайта Италияға көшіп барады. Ал бұрынғы күйеуімен ол достық қарым-қатынас сақтап қалған.
Кей кездері оның италиялық екенін ұмытып кетемін. Қазақ секілді көрінеді
Италиядағы күйеуіммен айырылсқаннан кейін мен Паоломен таныстым. Ол - Миланның тұрғыны. Ұлтымыз, тіліміз өзге болса да, біздің жанымыз жақын. Мен кей кездері оның италиялық екенін ұмытып кетемін. Ол маған қазақ секілді болып көрінеді.
Қазақстанның ер азаматтары италиялықтарға қарағанда қыздардың көңілін жақсы табады
Италиялық жігіттер қазақстандық азаматтарға ұқсамайды. Біздің жігіттер телефон, үлкен гүл шоғын сыйлыққа берсе, мұнда, тіпті гүл сыйламайды. Дегенмен италиялықтар әдемі сөйлеп, сөзбен көңіліңді шебер аулайды.
Ал біздікілер комплимент айтуға келгенде қалыс қалып қояды. Бірақ мен күйеуімді гүлдерді де, сыйлықтарды да беруге үйретіп қойдым. Бұл елде ер азаматтар әйелдерді қатты сыйлап, аяғын жерге тигізбейді. Бойжеткен қаламаса, ешқашан артық қылық танытып, қолын жүгіртпейді.
Италиялықтар - әлемдегі ең керемет әкелер. Олар қатты балажанды келеді. Мұнда оңтүстіктің жігіттері отбасы құндылығын сақтайды. Ал солтүстігінде жігіттер азаматтық некемен жүре бергенді жөн көреді.
Айтпақшы, бұл жерде де оңтүстіктің азаматтары дәстүрге, дінге берік. Ал солтүстіктегілер оларды "ауылдың артта қалған жігіттері" деп атап, өздерін заманауи санайды. Қазақстанда да шымкенттіктер мен қызылордалықтарға күледі емес пе?
30 жасында италиялықтардың қарны шыққанын көрмейсің
Италиялық жігіттер әйелдерге қарағанда сымбатты келеді. Олар өздерін күтініп, модельден еш кем түспейді. Бұл жерде 30 жастағы ер адамның қарны шыққанын мүлде көрмейсің. Маған бұл ұнайды, алайда олар айнада өздерін тым жақсы көріп, сәнденіп тұрғанын көргенде, аздап ашуыма тиеді.
Менің ең жақын досым - гей, ол өте нәзік әрі тез жылап қалуы мүмкін
Кезінде гейлерден шошитын болсам, қазір бұған етім үйренді. Менің ең жақын досым - гей. Егер жақсы адам болса, оның жыныстық көзқарасы еш маңызды болмайды екен. Ол өте нәзік, сезімтал, тез жылап қалуы мүмкін.
Бір күні мен гей-парадты көріп, аң-таң болдым. Жаман көрініс. Жігіттер әйелдерше киініп, жалаңаштанып жүрді. Бұл масқараны көргеннен кейін мен ұйықтай алмай шықтым.
Италиялық ене қазақтар секілді бәрін басқарады
Бұл жерде де енелер бәрін басқарады. Оларға қарсы сөз айтуға болмайды. Ол ұлын саған қарсы қойып қоюы мүмкін, әсіресе сен шетелдік болсаң.
Паолоның анасы - сауатты кісі, тілдерді біледі, әлем аралайды. Сол себепті ол мені жақсы қабылдап, екінші анам атанды.
Италияда "келін" ұғымы жоқ. Мұнда келінсің деп салмақ салмайды. Бірінші рет қонақта болғанда мен орнынмнан атып тұрып, үстел жинай бастадым. Ол болса, қажет емес деп мені демалдырып қойды. Тіпті шайды да өзі құйды. Біз бірге ішімдік ішіп, темекі де шеге аламыз. Бұл үшін сен жаман адам болып шықпайсың.
Паоло Қазақстанды көруге асық
Паоло Қазақстан туралы біледі. Ол біздің еліміздің мәдениетін мені кездестірмей жатып зерттеген. Сол себепті, Қазақстанды көруге асық. Маған өз елім туралы әңгімелеу ұнайды. Қай жерде жүрсем де, Қазақстан менің туған жерім болып қала береді.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Қазақстанның Мысырдағы елшісін тағайындады
Бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмі тарихтағы ең үздік 5 видеоның бірі атанды (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1441323-italiyalyqqa-turmysqa-shyqqan-qyzylor/