Шымкенттік дін қызметкері Димаш Құдайбергеновке азан шақыруды ұсынды

Опубликовано:

Шымкенттік дін қызметкері Димаш Құдайбергенге азан шақыру туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Нұржан  Тұрсынбай мемлекеттік қызметкерлерге дін тақырыбында лекция оқыды. Діни сауаттылықты арттыруға арналған сабақтан соң қатысушылар тарапы лекторға сұрақ қойды.

Ән айтушыларға қатысты сауалға жауап берген орталық директоры өз сөзінде қазақтың намысын асқақтатып жүрген жас әнші Димаш Құдайбергеновке қатысты мәсілдеме жасады.

"Өздеріңіз білесіздер, Димаш бауырымыз қазір бүкіл әлемге танылып, керемет дауысымен жұртшылықты тән етіп отыраған қазақтың баласы. Оның дауысының ырғағы азаншыға келеді. Сол себептен ол Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде азан шақырса, соны біз тыңдасақ деген ой бар. Бұл ұсынысымды әлі әншінің өзіне айта қойғаным жоқ. Сәті түсіп өзімен не ата-анасымен жолықсам, бұл ұсынысымды айтар едім», - деді діни қызметкер.

Еске салсақ, бұған дейін орталық директоры Нұржан Тұрсынбай күллі халықты елбасы мен оның отбасына дұға жасауға шақырған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Димаш Қытайдағы байқаудың финалына шықты (видео)

Көкшетаулық спортшыны аяусыз өлтіргендерге қатысты тың ақпарат пайда болды (фото)

Әйгілі Мейвезерді Рамзан Қадыров Шешенстанда қонақ етті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1441845-shymkenttik-din-qyzmetkeri-dimash-quda/

jitsu gif