Балабақша тәрбиешілерінің ерсі биі жұрттың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Желіде еліміздегі балабақшалардың бірінде билеп жүрген тәрбиешілердің видеосы кеңінен тарап кетті. Ересектердің ерсі қылығын көрген желі қолданушылары олардың әрекетін сынның астына алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталмыш видеодан балабақша қызметкерлерінің мерекелік шарадан кейін (немесе дейін) шетелдік әуенге билеп жүргенін байқауға болады. Тіпті, бірінің әрекетін бүлдіршіндердің біреуі қайталап жүргені де түсірілген.

Желі қолданушылары "ақ сақалды" жігіт пен бойжеткеннің ерсі қылықтарын жақтырмай қалған. Олардың пікірінше, мектепке дейінгі білім беретін мекемеде ойына келгенді істеу дұрыс емес.

Видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)

Елбасы Атамбаевқа: Президенттер кетеді, ал халқымыз қалады

Сізді өлімге итермелейтін қарапайым нәрселер туралы білесіз бе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1443042-balabaqsha-tarbieshilerininh-ersi-bii-zh/