Алматылық кәсіпкер 4 әйелімен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыр
Опубликовано:
52 жастағы алматылық кәсіпкердің 4 әйелі бар: үлкені 46 жаста болса, ең кішісі 30-ға жақындаған. Сондай-ақ, бірнеше рет шаңырақ көтерген азамат 12 бала тәрбиелеп отыр. Қазір олар бөлек пәтерде тұрып жатыр, бірақ, бәрінің басын қосу үшін кәсепкер үш қабатты үлкен үй тұрғызып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын Мұртаза уақытының көп бөлігін Қапшағайда өткізеді. Ол демалыс күндері Алматыға келгенде әйелдерінің үйіне кезекпен барып тұрады екен.
Оның төрт әйелі тату-тәтті өмір сүріп, "бәйбіше" және "тоқал" болып бөлініп көрмепті. Ал, балалары: бес қызы мен жеті ұлы бір-бірлерімен жақсы араласатын көрінеді.
Үлкен жанұяны бір шаңырақтың астына жинау үшін кәсіпкер 20 бөлмесі бар үш қабатты үлкен үй тұрғызып жатыр. Мұртазаның айтуынша, ол сүйіп қалғандықтан емес, көп баласы болғанын қалаған соң бірнеше мәрте үйленген.
«Менің әкемнің тоғыз баласы болды. Сол себепті де мен өзімнің ұлдарыма жақсы оқып, жұмыс істеп, бірнеше әйел алып, көп бала тәрбиелеуге кеңес беремін», - дейді азамат.
Мұртаза бала санына ғана емес, олардың тәрбиесі мен біліміне де көп көңіл бөлетінін алға тартты. Үш қызы мен екі ұлы мектеп бітірген соң "Алтын белгі" алып, ЖОО-да оқып жатыр.
Оның сөздерінше, ол балаларының ешқайсысын бөліп-жармайтын көрінеді. Сондай-ақ, әйелдеріне де бірдей қарайды. Олар жұмыс істемей, тек бала тәрбиесімен айналысады екен.
Мереке күндері кәсіпкер жұбайларын жанына алып, жанұясымен дастархан басына жиналады.
«Отбасындағы атмосфера мен әл-ауқат тікелей ер адамға байланысты», - дейді ол.
Мұртаза үйленбей тұрып, әр кез мешітке барып, имамдардың батасын алып отырған.
Тағы оқыңыздар:
Лондондағы шабуыл кезінде депутат полицейдің өміріне араша түсті
Қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты түрмеден шығаруға жұмыла кірісті
Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші жан тапсырды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1445886-almatylyq-kasipker-4-ayelimen-birge-ta/