ЭКСПО-ның жаңарған маскоттары Астанаға қайта оралды (фото)
Опубликовано:
Құлаған "ЭКСПО-2017" бойтұмарлары қазақстандықтардың сынынан кейін қайта жаңарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Бұдан бұрын Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің Сәуле есімді бойтұмары жоғалып кеткен соң, оны қайта жөндеуге алып кеткендігі жөнінде хабарланған болатын.
Халықаралық көрме бойтұмарлары Сәуле, Қуат және Мөлдірдің сыртқы келбеттері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Олардың сыртқы келбеті желі қолданушыларының көңілінен шықпаған.
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры Аллен Чайжунусов мүсіндерді жаңарту кезінде көпшіліктің қалауы есепке алынатындығын айтты.
Бойтұмарды жасаушылардың ойынша, Сәуле - күнді бейнелесе, Қуат — жер күшінің белгісі, Мөлдір — таза су мен ауа.
Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі Астанада осы жылдың 10-шы маусым мен 10-шы қыркүйек аралығында өтеді. Көрме тақырыбы - "Болашақ энергиясы".
Фото: Sputnik Казахстан/Болат Шайхинов
Тағы оқыңыздар:
ҰҚК бұрынғы төрағасының қамау мерзімі тағы да ұзартылды
Түркіменстанда қыз бен жігіттің қол ұстасып жүруіне тыйым салып жатыр
Джейкобстың менеджері: Жыл соңында GGG-мен реванш өткізгіміз келеді
Димаш Құдайберген "Азияның ең танымал әншісі" атағын жеңіп алды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1448513-ekspo-nynh-zhanharghan-maskottary-astana/