Арқанмен бағанаға байланып тұрған қайыршы қыз қарағандылықтардың зәресін ұшырды (фото)
Опубликовано:
Қарағанды қаласының тұрғындарын бағанаға арқандалып, қайыр тілеп жүрген қыздың суреті шошытты деп хабарлайды қарағандылық блогер Денис Денскидің Instagram парақшасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Блогерге суретті бұл көрініске куә болған қарағандылық жіберген.
"Бәріміздің көзіміз үйреніп кеткен қайыршы, бағанаға мойнынан байланып, қайыр тілеп жүр. Бұған бей-жай қарау мүмкін емес! Неге құқық қорғау ұйымдары мұндай жағдайға жеткізеді? Қиылыстан түсе салып, арқанды қиып тастағым келді",- деп мәлімдеген сурет авторы.
Ондаған қолданушы жазба астына пікір қалдырған. Көпшілік мұндай арсыз қылыққа қарсы болды.
Бірақ, кейбір жандар бұл отбасының өмір сүру салты осындай екенін айтты. Анасы мен балалар бірігіп алып, қайыр тілейді. Басқаша өмір сүргілері келмейді дейді қарағандылықтар.
Кейіннен, пікір білдірушілердің біреуі арқандалған қайыршыға полиция қызметкерлері келгенін көргендігін айтты.
"Өз көзіммен полицияның жазбадағы батырды іздеп жүргенін көріп жүрмін. Видео бар. Қыздың анасының айтуынша, оны өзі қатарлас бауыры байлап қойған: "Олар осылай ойнаған". Үлкендерге енді мұндай әрекетке жол бермеу ескертілді , -деп хабарлады қолданушы.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Бэкхемдердің 5 жасар қызы әлемдік жұлдыздарға арнап сән топтамасын жасап шығарды
Ерекше даусымен таңғалдырған зағип қызға көпшілік сүйсінді (фото, видео)
Павлодарлық ана жоғалып кеткен ұлынан қайта оралуын жалынып сұрады
АҚШ-та тамақ жеуден жарысқан екі адам көз жұмды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1456830-arqanmen-baghana-baylanyp-turghan-qayy/