Діни басқарма мешітте "әумин" сөзін айтуға неліктен тыйым салғанын түсіндірді

Опубликовано:

Бүгінде қоғамда жат ағым өкілдерінің белсенділігі, олардың құлшылық орындарда бүлік тудыру фактілерінің көбеюі байқалады. Әсіресе, қазақ елі үшін он ғасырдан астам уақыт бойы дәстүрлі жол болып қалыптасқан Ханафи мәзһабын мойындамайтын, көпшілік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, елдің ауызбіршілігіне нұқсан келтіретін салафилік-уахабилік ағымының идеологиясы еліміздің тыныштығына қауіп төндіруде.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) неліктен мешітте "әумин" сөзін дауыстап айтуға тыйым салғандарын түсіндірді. 

"Алланың үйінде отырып, жамағат арасында алауыздық тудыратындар – мешіт тәртібіне бағынғысы келмейтін, Әбу Ханифа мәзһабы мен салт-дәстүрімізді мойындамайтын, мемлекеттік құқықтық нормаларды сақтамайтын, қоғамда қалыптасқан зайырлы құндылықтарды құрметтеймейтін жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар екенін айта кету керек. Имамның сөзі мен мешіттің тәртібіне бағынбай, «әмин» сөзін дауыстап айтатын салафилік-уахабилік бағытты ұстанатын азаматтардың жоғарыда атап өткен бүлікке бастайтын әрекеттерін айыптаймыз.

Сондықтан, әрбір мешітке келуші елімізде Ханафи мәзһабы дәстүрлі ислам жолы екенін ескеріп, оның қағидаларын берік сақтауға тиіс.

Мүфтият Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, сонымен қатар жер-жердегі жамағаттың ҚМДБ-ға жолдаған арнайы өтініш- тілектерін ескере отырып, «ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі» құжатын дайындап, аталған ережені Ғұламалар кеңесінің XIV-отырысында қабылдады. Аталған құжаттың қабылдануы қазіргі заманның, қоғамның, мешітке келуші жамағаттың талабынан туындап отыр. Мұндай құжат корпоративтік этика ретінде кез келген өркениетті мекемеде бар.

Аталмыш құжаттың 1.4. бабында: «Мешіт жамағаты (бес уақыт намазға қатысушы, уағыз тыңдаушы, сауат ашу, Құран курстарының шәкірттері, жеке мәселеде келушілер) мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуға міндетті», – делінген.

ҚМДБ орталық аппараты жамағатты «ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі» құжатындағы талаптар мен ережелерді сақтауға, құрмет етуге шақырады. Құжаттың кез келген бабы бойынша тәртіп бұзып, мешіт ішіндегі тыныштықты кетіріп, теріс әрекет жасаушылар мен оларды қолдаушылар заң алдында жауап беретінін ескертеді", - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте үшем дүниеге келді (фото)

Путин туралы мақала жазған журналисті әлем мойындады

Өмірден түңілген жігіт өзін арыстандарға жем қылды (фото)

Қытайлықтар 7,2 млн теңге тұратын Димаштың костюміне таласып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1462498-dini-basqarma-meshitte-aumin-sozin-ayt/