Жамбылда әжетханада туған нәрестенің тағдыры тағы тәлкекке түсті

Опубликовано:

Жамбылда дәретханаға тасталған сәбиді енді нағашы ағасы асырап алмақ. Кішкентай бөбектің әжесінің мезгілсіз қазасына байланысты, марқұмның туған інісі жиенін бауырына басуға ниет білдірген деп хабарлайды КТК арнасы.

Туа сала тағдыры тәлкекке түскен сәбиді қамқорлығына алуға оның нағашы әжесі басты үміткер еді. Алайда Бибігүл Мәжіғұлова сәуірдің алтысы күні кенеттен бақилық болған. Сөйтіп бір жастан енді асқан Жансая жетім ретінде ортақ базаға тіркеліп кете жаздапты.

Олай болғанда, құрсақ көтеруге зар болып жүрген кез-келген жанның оны асырап алуға мүмкіндігі бар. Енді, күтпеген жерден бүлдіршінің нағашысы жиенін өз қолына алуға әзір екенін мәлімдеген.

Еске салсақ, былтыр қаңтар айында 21 жастағы Әмина Мәжіғұлова жол бойындағы әжетханаға сәбиін туып тастап кеткен болатын. Өзі осы қылмысы үшін аналық құқынан айырылып, әрі бір жарым жылға сотталған.

Рақымшылыққа ілігіп, екі ай бұрын түрмеден шыққан келіншек бөбектер үйіндегі перзентін де бірде бір рет іздеп келмепті.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Өгей шешесі өлтірген Өркеннің анасы мен әжесі істі кейінге қалдырған тергеушілерге өкпелі

Ақтөбе облысында жетім балаларға тиесілі жәрдемақы төленбей келген

Ерекше көрікті полицей қыз желіде жұлдыз болды (фото)

Фотосессия жасамақ болған туристті кобра шағып өлтірді (видео)

Бал қосылған құймақты қалай дайындауға болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1462763-zhambylda-daretkhanagha-tastalghan-sabi/