Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгенің перзентін 9 ай құрсағында көтеретін әйелдер қызметін 5 млн теңгеге бағалауда

Опубликовано:

Елімізде ақша үшін өзгенің перзентін 9 ай құрсағында көтеретін әйелдер көбейіп келеді. Құрсақ аналар бұл қызметті 5 миллион теңгеге дейін бағалайтын болған. Көбі мұндай әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барады екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматылық Мөлдір – 3 баланың анасы. Алайда оның құрсағынан бес бірдей шақалақ шыққан. Тек былтыр дүниеге келген егіздерді ол өз перзенті ретінде санамайды. Өйткені оларды басқа отбасыға суррогат әдісімен туып беріпті.

"Жалғыз күйеуім ғана жұмыс істеді. Мен де жұмыс істедім. Жалақы аз. Сол үшін де осындай жағдайға бардым", - дейді құрсақ ана Мөлдір.

ЭКО әдісімен ұрығы Мөлдірдің жатырына салынған ерлі-зайыптылар құрсақ ананы керек-жарақтың бәрімен қамтамасыз еткен. Жатырын жалға берген әйел ай сайынғы төлемнен бөлек, 3 миллион теңге алыпты.

"Аман-есен сол кісілердің баласын туып бердім, сұрағанымды берді. Сонымен жақсы қоштастық", - дейді құрсақ ана Мөлдір.

Сөйтсек, елімізде құрсақ ана болуға құштар әйелдер көп екен. Ғаламторда сондай хабарландырудан көз сүрінеді. Мұнда құрсақ ана болғысы келетіндер де, оны іздегендер де жеткілікті.

"Жасым 24-те. Құрсақ ана боламын. Маған шұғыл түрде ақша керек"

"Менің құрсақ ана болғым келеді. Шартым – Астанадан 2 бөлмелі пәтер"

Дегенмен, дәрігерлер өз-өзіне жарнама жасағандардың бәрі құрсақ ана бола алмайтынын айтады. Елімізде бұл әдіске рұқсат етілсе де, оның қатаң талаптары бар.

"Жазғандардың бәрі суррогатты ана бола алмайды. Өйткені, денсаулығы көтермеуі мүмкін. Дәрігерлердің тексерісінен өткеннен кейін белгілі болады", - дейді репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова.

Бұған қоса, құрсақ ананың кемі бір баласы болуы шарт. Күйеуінің рұқсаты да аса маңызды. Әрі мүмкіндік тек 35-жасқа дейінгі әйелдерге ғана беріледі.

Ал діни тұрғыда құрсақты жалға беруге мүлдем тыйым салынған.

"Шариғатымызда бірінші текті сақтауға мән береді. Құрсақ ананың генетикалық сипаттары да кейін сол балаға өтіп кетеді. Сондықтан да, бұл жерде тектің араласуына салдары, себептері бар. Сондықтан, оған шариғатымыз тыйым салады", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі.

Тіпті бұл жағдай дау-дамайға әкеп соғуы мүмкін дейді діндарлар. Мәселен, құрсақ ананың сәбиді беруден айнып қалуы, немесе керісінше өз ата-анасы одан бас тартуы ықтимал.

Дегенмен, біздің заң бойынша нәресте бірден биологиялық ата-ананың тегін алады. Ал жылына осы әдіспен еліміздегі бір клиниканың өзінде орта есеппен 10 жұп перзент сүйеді екен.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Өгей шешесі өлтірген Өркеннің анасы мен әжесі істі кейінге қалдырған тергеушілерге өкпелі

Ақтөбе облысында жетім балаларға тиесілі жәрдемақы төленбей келген

Ерекше көрікті полицей қыз желіде жұлдыз болды (фото)

Фотосессия жасамақ болған туристті кобра шағып өлтірді (видео)

Бал қосылған құймақты қалай дайындауға болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1462788-ozgeninh-perzentin-9-ay-qursaghynda-kote/

pixel