Ақтөбедегі аудан әкімі теріс ағымдағылармен күресуден шаршаған
Опубликовано:
Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов теріс ағым жетегінде адасып жүргендермен күрес жүргізудің оңай еместігін алға тартты деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Оның есебінше, ауданда 450 адам күмәнді ағым жетегінде жүр. Мамыр айына дейін кем дегенде 20 адамды тура жолға түсіру көзделіп отыр. Аудан әкімінің айтуынша, теріс діни ағым жетегіндегілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жуырда Мұғалжар ауданында жастар арасындағы мәселелер бойынша және қоғаммен байланыс орталығы ашылды.
"Орталық ішкі саясат бөлімі жанынан әрекет етеді. Біз мекемеге жақсы, кәсіби теологтарды тарту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Бір апта бұрын мен облыс әкімінің тапсырмасымен Алматыдағы «Нұр-Мүбәрәк» университетіне барып қайттым. Аталмыш оқу орнында білім алып жатқан 53 ақтөбелік студентпен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылы оқуын аяқтағалы тұрған екі студент біздің орталыққа келуге ниет білдірді", — деді аудан басшысы.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Футболшылар мінген автобуста бомба жарылып, қорғаушы зардап шекті
Танымал рэпер концертте өзіне жармаса кеткен тыңдарманын ұрып жіберді (видео)
Қос жанарынан айырылған алматылық егіздерге шығысқазақстандық кәсіпкер көмектесті
Ломбардта жұмыс істеген алматылық бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1463015-aqtobedegi-audan-akimi-adasqandarme/