Дәстүрлі жобалау мен құрылысты 3D форматы ауыстыратын болады
Опубликовано:
Нарықтағы бәсекелестікті қалай сақтап қалуға немесе бәсекелестікке қалай төтеп беруге болады, құрылыс саласындағы әлемдік трендтердің арнасында болу үмітіміз бар ма?! Осы және басқа да мәселелер бүгін, Астанада мыңға жуық қазақстандық компанияларды біріктірген BI Group компаниясының жеткізушілер мен мердігерлерінің форумында қызу талқыланды.
Бұл форум – компанияның бизнес-әріптестерімен тәжірибе алмасуды, қазіргі нарық жағдайында өзара тиімді бірлескен бизнесті дамытуға бағытталған ашық алаң. Компания басшысы, Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев 2017 жылы холдингтың 3D жобалауға 50% ауысатынын, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайтын айтты.
«Өткен жылы әлемдік құрылыс саласына 3D орнына 5D және 6D форматы келді. Ал Қазақстанда 3D модельдеу әзірге енгізілген жоқ. Біздің компания қазір BIM-технологияны енгізу үстінде. Бұл астамшылық емес, керісінше барлық құрылысшылар үшін қажеттілік. Бұл құрылыс мерзімі, өзіндік құны, сапасы. BI Group үнемі жаңа технологияларды белсенді енгізіп, заман талабына сай дамуды назардан тыс қалдырмайды. Бұл - бүгін бәсекелестікті сақтап қалудың жалғыз жолы».
BI Group Қазақстандағы құрылыс компаниялары арасында алғаш болып сандық платформаны енгізді және осы мақсатқа шамамен 10,5 миллион доллар бөлді. Тәжірибе көрсеткендей, 3D моделі, жобалау мерзімін 20 %-ға қысқартуға, құрылыс құнын 30%-ға төмендетуге және объектіні әрі қарай пайдалану үшін қаржылық шығындарды 10%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Оның үстіне Ресей мен Грузиядағы жобаларды іске асыра отырып, компанияның әлемдік нарыққа шыққанын ескеріп, жаңа технологияларды пайдалануға көшті.
Айта кетейік, бүгін BI Group Development холдингінің жеткізушілер мен мердігер ұйымдарының тізімінде – 1 800 компания бар. Бұл BI Group-тың жоғары талаптары мен стандарттарына сай келетін орта және шағын бизнес өкілдері. Өткен жылғы форумның нәтижесі бойынша осы компания өкілдерінен құралған, ағымдағы мәселелерді шеше отырып, стратегиялық шешімдерді қабылдайтын Серіктестер кеңесі құрылды.
Форумға қатысушылар, сондай-ақ өз әріптестері – компания жеткізушілері мен мердігерлерінің үздік тәжірибелерімен танысып, компанияның Корпоративтік университетінде оқыту және құрылыс алаңдарында Лин-мәдениетті енгізу бойынша мағлұматтар алды.
«BI Group компаниясымен жұмыс жасағанымызға бес жыл болды. Серіктестер форумы –көптеген мәселелер талқыланатын ашық алаң. Компанияның дамуын қадағалап отыру біз үшін маңызды, өйткені біз де компаниямен бірге дамимыз. Компанияда үнемі инновациялар енгізіліп жатады, ал біз, мердігерлер үшін бұл да өте маңызды. BI Group-пен жұмыс жасап жатқанымызға өте қуаныштымыз!», - деді Valtherm компаниясының техникалық директоры Андрей Паластров.
Дәстүр бойынша форумда неғұрлым тиімді серіктестер марапатталды. «Белсенділігі үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз CVL ЖШС атанды. «Садақ Астана» компаниясына «Лин белсендісі» номинациясы берілсе, ал «Тұрақтылығы үшін» номинациясы – «ПрофДекор» ЖШС, «Техника Рем Строй» ЖШС және «Экотон +» ЖШС иемденді. «Мінсіз жұмысы үшін» марапатталды «Астана Жолбарыс» компаниясының еншісіне бұйырды.
Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласында жұмыс істейтін BI Group Construction және BI Group Engineering холдингтерінің жеткізушілерінің кезекті форумы Астана қаласында 25-сәуірде өтеді.
*На правах PR
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1465222-dasturli-zhobalau-men-qurylysty-3d-forma/