Балабақшадағы шу: Баланы ұрып, жылатып қойған тағы бір тәрбиеші ел талқысына түсті (видео)
Опубликовано:
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып жатқан сәті түсірілген видео желіде тарап кетті. Қазнет қолданушылары әйел адамның әрекетін талқылап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеоны YouTube желісіне Taikonur Sozak атты желі қолданушысы жариялаған.
Автор аталмыш оқиғаның Созақ ауданы Тайқоңыр ауылындағы "Арай" балабақшасында болғанын алға тартады.
"Роликте педагогтың сәбиге қаталдық көрсеткені анық байқалады. Тәрбиеші қатты ұрысып, баланы жұлқылайды және ұрады. Оның дауысынан балаларды әскерге дайындап жатқандай сезімде боласың", - деп жазылған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін айтқанын сөзбен орындата алмай, бес жасар баланың басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті әлеуметтік желіде таралып кеткен еді.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан дәрігерлерді оқыту үшін 80 млн қарыз алды
Түркиядағы танымал емханада отаны дәрігерлер емес, роботтар жасайды
Қатерлі ісікке шалдыққан алты баланың анасы лашық үйде күнелтуге мәжбүр
Депутаттар тасқыннан зардап шеккендерге біркүндік табыстарын аудармақшы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1471449-balabaqshadaghy-shu-balany-uryp-zhylatyp/